Америкалық Интернет қолданушылары арасында Yahoo бірінші орынға шықты

Америкалық Интернет қолданушылары арасында Yahoo бірінші орынға шықты

ComScore компаниясының жасаған рейтингісі бойынша АҚШ-та Yahoo интернет-ресурсы өзінің қолданушылар саны бойынша тұңғыш рет бірінші орынға шықты. Осылайша ол көп жылдан бері көшбасшылықты ешкімге бермей  келген Google компаниясын шілде айының қорытындысы бойынша екінші орынға ығыстырып отыр.  

Google корпорациясы ComScore интернет-ресурстары аналитикалық компаниясының әр ай сайынғы рейтингісінде 2008 жылдан бері бірінші орынды ешкімге бермей келген болатын. Сондықтан бұл IT-мамандары үшін күтпеген жаңалыққа айналып отыр.

Бұл рейтингке сенер болсақ, comScore MMX сервисіне негізделіп алынған мәліметтер бойынша, шілде айында Yahoo қызметі 196,564 миллион рет қолданылса, ал Google компаниясының көрсеткіші - 192,251 миллион.

Cnet  ресурсы Yahoo компаниясының мұндай үлкен жетістікке жетуін бір жағынан мекеменің Tumblr қызметін сатып алумен байланыстырып отыр. Себебі қолданушылар саны дәл осы сауда жасалғаннан кейін күрт артқан. Дегенмен Tumblr компаниясы оған дейін де күніне 38,367 миллион қолданушысымен үздік 38 компанияның қатарына кірген болатын. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: seoprofy.net

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?
Танымал дәрігер Әділжан Хамзин көз жұмды
Танымал дәрігер Әділжан Хамзин көз жұмды