Vivo X3 - ең жіңішке смартфоны таныстырылды

Vivo X3 - ең жіңішке смартфоны таныстырылды

Соңғы кезде көпшілік асыға күткен оқиғаның бірі ВВК компаниясының жаңа Vivo X3 смартфонының таныстыруы болды. Бұл модельдің қалыңдығы бар болғаны 5,75 мм құрап отыр. Айта кету керек, компания жаңа смартфонды екі түспен шығармақ: көк және ақ. Олардың ішінен тек көк түстісі ғана 5,75 мм қалыңдыққа ие. Ал ақ түсті модель қалыңдығы 5,95 мм болады. Не десекте жаңа смартфон қазіргі таңдағы әлемдегі ең жіңішке байланыс құралы болып отыр. Яғни ол Huawei Ascend P6 смартфоны қойған рекордты жаңартты (6,18 мм). Дегенмен ол бұл атағынан жақын күндері қалыңдығы 5,6 мм болатын Umeox X5 смартфоны сатылымға шыққаннан кейін айырылатын түрі бар. Әзірге соңғысының қашан нарыққа жол тартатыны жөнінде нақты ақпарат жоқ.  

Сонымен Vivo X3 смартфоны 5-дюймды, мүмкіндігі 1280×720 пиксельді, IPS технологиясы бойынша жасалған дисплейге ие болып отыр. Сондай-ақ онда 8 мегапиксельді негізгі, 5 мегапиксельді фронтальды камера және FM-радио қызметі орнатылған. Ал енді смартфон корпусының ішін ашар болсақ, гаджет 1,5 ГГц жиіліктегі төрт ядролы А7 процессоры, 1ГБ оперативті және 16 ГБ флеш-жадтарына ие. Смартфон өзінің жіңішкелігіне қарамастан, онда сыйымдылығы 2000 мАсағ болатын аккумулятор жұмыс жасайды. Ал құрылғының жалпы өлшемдері 143,27х71,03х5,75 мм құрайды. Салмағы 150 грамм.   

Смартфон Android 4.2 Jelly Bean операциондық жүйесі арқылы жұмыс жасайтынын да айта кетейік. Сондай-ақ оның тағы да бір ерекшелігі ондағы инфрақызыл датчиктердің көмегімен қолдың қимылы арқылы басқаруға болады.    

Құрылғы Қытай нарығына 1-қыркүйекте бір данасына 410 доллар бағамен шығады деп жоспарланып отыр. Ал оның қашан әлемдік саудаға түсетіндігі белгісіз.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен