Қол сағат түріндегі галактикалық механизм

Қол сағат түріндегі галактикалық механизм

Қыркүйекте Samsung компаниясы Galaxy Gear немесе галактикалық механизмін таныстырмақ. 

Андроид жүйесімен басқарылатын smartwatch қондырғысы қоңырау шалуға, электрондық поштаны реттестіруге, интернет беттерінде қыдырыстауға мүмкіндік береді. Екі ядролы Samsung Exynos процессорымен жабдықталып, 1 Гб оперативті жадысы шоғырланбақ. Қол сағат түріндегі бұл өнім иесіне көп жайлылық сыйлауға арналған. Әрі батарея қуатының да ішкі мүмкіндігі жан-жақты қарастырылса керек. 

Галактикалық механизмнің шығуға бет алған iWatch (Apple компаниясы) қондырғысын басып озуы мүмкін делінген мамандар тарапынан пікірлер айтылуда. Бір анығы, Watch өнімі аккумулятор төңірегінде қиындықтарға байланысты 2014 жылға дейін шегерілген болатын. Ал ертеректе галактикалық өнімнің де бір-екі жыл кеш шығатыны айтылып келіп еді. 

Дәстүрлі көрініс: Apple компаниясы жаңа жобаны қолға алып, таныстырады. Ал сол уақытта бәсекелестер жағы соған ұқсас өз өнімдерін дайындап, тіпті, нарыққа күні бұрын шығарып жіберуге ұмтылады. Бұл ретте мұның бәрі жасырын ақпар алмасудың салдарынан. Мысалы, iWatch құрылымы нарыққа осы жылы шығуы тиіс болатын...

Галактикалық механизмнің жыл соңына дейін бір шығып қалары анық. Google ұсынар Glass өнімі (2012 жылдан бері дайындалып келе жатыр) сол қатарда нарықта таласқа түспек.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

cурет: indiatimes.com 

Л. Лига