Twitter University инженерлердің жаңа буынын дайындамақ

Twitter University инженерлердің жаңа буынын дайындамақ

Twitter инженерлердің жаңа буынын оқытатын Twitter University оқу орнының ашылғаны жайлы жария етті. Бағдарлама техникалық тренингтер негізінде құрылатын болады. Бастапқыда аталған бағдарламамен тек компания қызметкерлері ғана білім алатын болған, алайда кейінірек Twitter оны барлық қалаушыларға қолжетімді етуді жоспарлап отыр.

Twitter University-де Twitter командасының мүшелері сабақ беретін болады. Сонымен қатар, компания Marakana тренингтік фирмасымен де келісімшартқа отырды. Айта кетсек, Marakana фирмасы соңғы он жыл ішінде Android, Java, HTML5, Scala, Python, Hadoop, jQuery және де басқа платформаларға оқыту курстарын жасаумен айналысып келді. Marakana-мен бірлеспес бұрын, Twitter компания методикасы әлеуметтік желі инженерлеріне тиімді екендігіне көз жеткізу үшін онымен бірнеше ай бойы қызмет етіп келген.

Әзірге Twitter University-дің көпшілікке қай уақытта қолжетімді болары белгісіз, бірақ компания оқу бағдарламасына қызығушылық танытқандарға @TwU-ді бақылап отыруды ұсынып отыр.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: popsop.ru

Ж. FM