АҚШ-та масалармен күресудің жаңа әдісі табылды

АҚШ-та масалармен күресудің жаңа әдісі табылды

АҚШ-тағы Флорида штатының билігі масалармен күресудің жаңа әдісін тапты. Дәлірек айтсақ, билік өкілдері оларды ұшқышсыз ұшу аппараттары көмегімен залалсыздандырмақ.

Бір келіден аз салмақ тартатын шағын ұшқышсыз аппараттар инфрақызыл камералармен жабдықталған және оларды масалар мен шыбын-шіркейлер көп шоғырланған, адам аяғы баса алмайтын аймақтарға жіберу көзделіп отыр. Қауіпті аймақты тапқан соң аппарат бірден арнайы белгі береді. Содан кейін барып қана мамандар ол аймақты пестицидтермен улай бастайды.  

Айта кетейік, масалармен күрес жолындағы жаңа әдіс АҚШ үкіметі жеке компанияларға ұшқышсыз ұшу аппараттарын коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат бергеннен кейін барып іске асып отыр.

Флоридадағы москиттермен күресу басқармасының қызметкері Нэнси Овананың айтуынша, бұл аппараттар көмегімен масалар мен шыбын-шіркейлер көбеймей тұрып-ақ олардың көзін құртуға болады екен. Осының арқасында көптеген ауру тасығыштардың жолы кесілмек.    

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: topwar.ru

Б. Қосмағамбет