Facebook VIP-қосымшасын сынақтан өткізуде

Facebook VIP-қосымшасын сынақтан өткізуде

Facebook әлеуметтік желісі VIP-тұлғаларға арналған арнайы қосымшасын сынақтан өткізу үстінде, деп хабарлайды All Things Digital. 

Яғни Facebook қосымшасының бұл түрін тек танымал адамдар ғана қолдана алады. Оның ішінде жұлдызды қолданушыларға өзі туралы ақпараттарға көз жүгіртіп, сондай-ақ өзінің табынушыларының талқылап жатқан мәселелерін қадағалап және оған өз пікірін білдіруіне мүмкіндік қарастырылған. 

Facebook хабарлағандай, VIP-қосымша әлеуметтік желі қатарындағы жұлдыздар санын арттыру мақсатында іске қосылмақ. Осылайша ол Twitter-мен толыққанда бәсекеге түспек. Қазір жобаға жасалып жатқан сынақ аяқталу сатысында көрінеді. Айтпақшы, бұл қосымшаны қазірдің өзінде кейбір танымал адамдар қолданып та жүр екен. Ал қосымшаның басқа тұстары әзірге жариялана қойған жоқ.

Осыған дейін Facebook ауызекі сөзді танып, оны әлемнің 25 тіліне аудара алатын Jibbigo қосымшасын сатып алғандығы жөнінде айтқан еді. Сондай-ақ ол қосымшалар жасаумен айналысатын Питтсбургте орналасқан Mobile Technologies компаниясын да сатып алған болатын. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: xppxx.ru

Б. Қосмағамбет