Samsung Galaxy Note III смартфонының құпиялары белгілі болды

Samsung Galaxy Note III смартфонының құпиялары белгілі болды

Sammobile ресурсы Samsung компаниясының жаңа өнімдері, дәлірек айтқанда SM-N900 және SM-N9005 нұсқалары жөнінде тексерілген ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді жариялады. Әңгіме алдағы уақытта тұсауы кесілетін Samsung Galaxy Note III смартфоны жөнінде болмақ.

Смартфонның екі түрлі нұсқасы бір-бірінен чиптер және LTE желісі бойынша ажыратылады. Яғни жағдай Galaxy S4 i9500 және i9505 нұсқаларындағы сияқты болғалы тұр.

Сонымен SM-N900 нұсқасы бортында қуатты сегіз ядролы (4+4) Samsung Exynos 5420 процессоры және ARM Mali-T628 MP6 графикасы болмақ. Алайда бұл смартфон LTE желісін мүлдем қолдай алмайды. Ал LTE-нұсқасындағы процессор жөнінде баспа әзірге ешқандай ақпарат бермей отыр. Алайда мамандар осыған дейінгі таратылған ақпараттарға сүйеніп онда жиілігі 2,3 Ггц және Adreno 330 графикалы Qualcomm Snapdragon 800 процессоры жұмыс жасайды деген болжам айтып отыр.

Ал смартфондардың қалған мінездемелері екі нұсқасы үшін де бірдей болады – 5,68-дюймды мүмкіндігі 1920 x 1080 пиксельді Super AMOLED дисплейі, 3 ГБ оперативті жад (топ-өндірістегі смартфондар үшін алғаш рет қолданылып отыр), оптикалық тұрақтандырғышы бар 13-мегапиксельді камера және сыйымдылығы 3200 мАсағ болатын аккумулятор.   

Ал сыртқы жадтарының көлемі 16, 32 және 64 ГБ түрлерінде сатылымға шығатын болады. Соңғы нәтижеге жад картасы көмегімен жетуге болады. Алайда оның ішінде нарыққа көптеп 32 ГБ түрі шығады деп жоспарланған екен. Ал смартфонның операциондық жүйесі ретінде ең соңғы нұсқа орналастырылатын болады - Android 4.3 Jelly Bean. Құрылғының сыртқы габариттері Galaxy Note II түрімен салыстырғанда еш өзгеріске ұшырамайды. Тек дисплей өлшемі 0,18 дюймға, ал аккумулятор сыйымдылығы 100 мАсағ ұлғаймақ.

Естеріңізге салсақ, Samsung Galaxy Note III пен басқа да жаңа гаджеттердің таныстырылымы 4-қыркүйекте болмақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: 3dnews.ru

Б. Қосмағамбет