Марс бетіне кезекті аппарат аттанбақ

Марс бетіне кезекті аппарат аттанбақ

Халықаралық ғарыш агенттігінің (НАСА) мамандары Марсқа аттанатын Мавен атты кезекті марсоходты дайындау үстінде.  

Бұл марсоход биылғы жылдың қазан айында сапарға аттанады деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде Мавен Халықаралық ғарыш агенттігінің Кеннеди атындағы ғарыш орталығында соңғы дайындықтарын пысықтауда. Одан кейін белгіленген уақыт таяғанда ол толықтай жиналып, мамандар оған соңғы тексеріс жүргізеді.

Мавеннің қызыл планетадағы басты мақсаты бұрынғы марсоходтар сияқты ондағы тіршілік көзін анықтау емес, керісінше Марстағы климаттың өзгерісін бақылау болмақ.

Ал одан бөлек бүгін, 6-тамызда Қызыл планетаға ұшырылған Curiosity аппаратының қызметіне кіріскеніне тура бір жыл туып отыр.  

Жалпы бұл аппарат американдық ғарыш мекемесі үшін 2,5 миллиард долларға түсті. Оның ұзындығы 2,8 метр болса, салмағы 900 килограмм. Құрылғы биіктігі 75 сантиметр болатын кедергілерді еңсеріп, сондай-ақ бір орында тұрып 360 градусқа дейін айнала алады.  

Марсоход бұл экспедицияға Марс бетінде қазіргі кездегі және осыған дейінгі тіршілік белгілерінің бар-жоқтығын анықтау мақсатында ұшырылған болатын. Ол үшін аппарат бортында планета топырақ үлгісінің құрамын органикалық заттарға тексеретін арнайы зертханасы да бар.   

Ақпан айының соңына қарай Curiosity күкірт, азот, сутегі, оттегі, фосфор мен көміртегі сияқты элементтердің іздерін тапты. Бұл табылған олжалар Марс бетінде қазір болмаса да осыдан бірнеше миллион жыл бұрын тіршіліктің болғанын дәлелдеп берді.

Аппарат планета бетінде әлі жарты жылдан аса уақыт қызмет жасайды деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде Curiosity өзінің сапарындағы басты мақсаты Шарп тауына қарай бет алып барады. Ол өзі алғаш қонған жерден 8 шақырымда орналасқан екен. Сондықтан оған жету марсоходтың бірнеше ай уақытын алмақ.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: futurefuture.ru

Б. Қосмағамбет