Omate TrueSmart

Omate TrueSmart "ақылды" сағаттары

Omate компаниясы Android операциондық жүйесі арқылы жұмыс жасайтын TrueSmart "ақылды" сағатын жасап шықты. Оның бір артықшылығы ол смартфонсыз-ақ жұмыс жасай алады. 

Omate TrueSmart сағаты 1,3 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын екі ядролы MediaTek процессоры көмегімен басқарылады. Құрылғының оперативті жады 512 МБ болса, ал онда орнатылған 240х240 пиксельді түрлі-түсті сенсорлы дисплейінің өлшемі 1,5 дюйм.    

Гаджет сондай-ақ камера, GPS-қабылдағыш, 4 ГБ флеш-жад және де 32 ГБ дейін ұлғайтуға болатын microSD картасына арналған орынмен жабдықталған. Одан бөлек Omate TrueSmart сағатында 2G/3G желілерінде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін MicroSIM картасына да орын табылған. 

Құрылғы Android 4.2.2 операциондық жүйесі негізінде жұмыс жасайды. Сондай-ақ оның корпусы IP67 стандартымен жасалып, ылғал мен шаң-тозаңнан сақтануға мүмкіндік береді. 

Сонымен Omate TrueSmart "ақылды" сағаттары осы жазда сатылымға шығады деп күтіліп отыр. Әзірге оның бағасы жөнінде ешқандай ақпарат жоқ.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Ғарыш температурасы қандай?
Ғарыш температурасы қандай?
Мбаппе футбол симуляторында 100 OVR рейтингін алды
Мбаппе футбол симуляторында 100 OVR рейтингін алды
ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні