Panasonic KX-PRX120 — Android ОЖ орнатылған стационарлы телефон

Panasonic KX-PRX120 — Android ОЖ орнатылған стационарлы телефон

Panasonic компаниясы сымды байланыспен жалғанған телефондарды пайдаланатындар үшін Android операциондық жүйесімен жабдықталған DECT стандартты Panasonic KX-PRX120 стационарлы радиотелефонын жасап шықты. Құрылғы Android 4.0 Ice Cream Sandwich ОЖ (операциондық жүйесі) көмегімен жұмыс жасайды.

Телефонда 3,5-дюймды HVGA мүмкіндіктегі TFT дисплейі орнатылған. Сондай-ақ оның 0,3 мегапиксельді фронтальды камерасы бар, Wi-Fi және Bluetooth сымсыз технологияларын да қолдай алады. Құрылғы стационарлы телефон үшін ең қажет қызмет түрі GPS-қабылдағышына ие болды.

Panasonic KX-PRX120 телефонында microSD картасына да тетік қарастырылған. Ал microUSB интерфейсі көмегімен қуатталатын аккумулятордың сыйымдылығы 1450 мА/сағ құрайды.

Әзірге компания жаңа телефонның қашан және қандай бағамен саудаға түсетіндігі жөнінде хабарлаған жоқ.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: log.com.tr

Б. Қосмағамбет