Kevo Lock - iPhone арқылы басқарылатын құлып

Kevo Lock - iPhone арқылы басқарылатын құлып

Kevo Lock – есіктерді қарапайым кілттермен ашудан шаршаған адамдар үшін жасалған жаңа заманғы құлып. Kevo Lock арқасында есікті ашып, үйге ену үшін оны жай ғана құлыпқа жақындатсаңыз болғаны. Ол үшін сізге керегі арнайы қосымшасы бар iPhone смартфоны. Құлып пен смартфон арасындағы байланысқа сымсыз Bluetooth 4.0 технологиясы қолданылады. Kevo Lock құлпына телефоныңызды жақындатқан кезде ол оны танып ашыла кетеді. Сондай-ақ жүйені белгілі бір адамдардың белгілі бір уақытта ғана үйге кіре алатындай етіп те жасауға болады.

Алайда бұл технологияның бір кемшілігі оны тек iPhone 4s және iPhone 5 модельдерінің иелері ғана қолдана алады. Бұл құлыптарға алдын-ала тапсырыстарды қазірдің өзінде 220 доллар бағамен беруге болады. Ал оны үй үйге жеткізу биылғы жылдың қыркүйек айынан басталмақ.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет