Сноуден жаңа ойынның кейіпкері атанды

Сноуден жаңа ойынның кейіпкері атанды

Белгиялық компания АҚШ мемлекеті арнайы қызмет өкілдерінің әлем бойынша ғаламтор пайдаланушыларынан ақпарат аулап келген әдісін күллі әлемге паш еткен, ОББ (Орталық барлау басқармасы) мен ҰҚА (Ұлттық қауіпсіздік агенттігі) бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің басынан кешкендері жөнінде смартфондарға арналған жаңа, тегін видео ойынын жасап шықты.  

Snowden Run3D ("Сноуденнің қашуы") аталған ойын осы күнге дейін қолданушылар арасында танымал болған "бітпес раннер" жанрына жатады, әрі оны сол ойындардың клоны деп айтсақ болады. Жаңа ойын бітпес мәрелері бар үш эпизодтан құралған: ұлттық қауіпсіздік агенттігінің штаб-пәтері, Гонконг және Мәскеудегі Шереметьево әуежайы. Ойыншының мақсаты аса құпия құжаттар сақталған флэшкалар мен ноутбуктерді жинау. Ал ойын бойы оның артынан агент Джейк қуалап отырады. Егер сіздің кейіпкер оған ұсталар болса, ол Гуантанамо түрмесіне тоғытылып, ойын да осы жерден аяқталады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ©mtsfreestyle.com

Б. Қосмағамбет