Skoda жол талғамайтын арба шығарды

Skoda жол талғамайтын арба шығарды

Чехтың Skoda автоөндіруші компаниясы жол талғамайтын балаларға арналған арба жасап шығарды. Бұл жол талғамайтын арбамен баланы көшеде алып жүру ыңғайлы көрінеді. Үлкен дөңгелектері көзге сәл оғаштау көрінгенмен, компания мамандары ер адамдардың сүйретіп жүруіне қолайлы деп мәлімдеуде.  

Ұлыбританияда 1000-нан аса ер азаматтардың арасында сауалнама жүргізген Skoda компаниясының өнім өндірушілері олардың үштен бірінен: "Көшеде алып жүруге қолайлы, әрі ер адамдардың стилінде болса, баланың арбасын сүйреуден ұялмаймыз" деген жауап алған.

«Біз бұл жол талғамайтын арбаны жаңа Skoda компаниясы ұсынған Octavia VRS автокөлігінің жарнамасында назарға ұсынып өттік. Бәлкім бұл көпшілікке осылай ұнау арқылы сұранысқа ие болады деген сенімдеміз» - деді компанияның маркетинг бөлімінің басшысы Хэйди Картледж.

Нәтижесінде жанында айнасы, тежегіші мықты, ескерту қоңырауы бар, әрі түнде қыдырғанда жанатын шамға ие төрт дөңгелекті арба ойлап тапқан.

Стресске қарсы сабының өзі қысқы мезгілде қолғаппен ұстауға ыңғайлы көрінеді. Спорттық стильдегі көлік баланың арқасын тік ұстауына да әсер етеді екен. Әзірге өнімнің нарықтағы бағасы белгісіз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: 4ut.ru

О. Сансызбай