iPhone 5 смартфондарының өндірісі тоқтайтын болды

iPhone 5 смартфондарының өндірісі тоқтайтын болды

Apple компаниясы әр жолы iPhone смартфонын шығарғаннан соң осыған дейінгі сатылымдағы модельдерін де сатуды жалғастыра беруші еді. Жаңа өнім сатылымға түскеннен кейін бұрынғысының бағасы да едәуір арзандайтын. Алайда Apple компаниясы жақын арада бұл тәсілінен бас тартатын сыңайлы.  

Кейбір ақпараттарға қарағанда, күз айында жарыққа шығатын iPhone 5S смартфонының сатылымынан кейін iPhone 5 өндірісі түпкілікті тоқтамақ. Осылайша қолданушыларға тек қана жаңа 5S немесе сол аралықта пластикалық корпуста және бірнеше түспен шығатын бюджетті iPhone аппараттарын таңдауға тура келеді.

iPhone 5 шығарылымы тоқтайтыны жөнінде алғаш болып хабарлаған ETNews Apple компаниясының мұндай шешімге баруының себебін де жазған екен. Бұл қадам бірінші кезекте жаңа модельдегі дисплейдің in-cell технологиясымен жасалынатындығы себепті жасалып отыр екен. Дәлірек айтқанда, аталған технологиямен жасалған дисплейлерді аз ғана мөлшерде сатып алу тиімсіз көрінеді. Мысалы егер екі модель қатар шығар болса, онда екеуіне алынатын экранды теңдей бөлуге тура келеді. Біреуінікі қарапайым, ал екіншісінікі in-cell технологиясымен жалынған. Демек, компанияға қазіргі кезде 5-модельді толықтай тоқтатып, тек қана 5S смартфонымен айналысу әлдеқайда тиімді болып отыр.       

Ал бюджетті Apple телефонына келер болсақ, алдын-ала мәліметтерге қарағанда, ол премиальдық класстағы модельге қарағанда үлкендеу болмақ. Бұл дегеніміз, гаджеттің диспейіне in-cell технологиясы қолданбайды деген сөз. Ал ол өз кезегінде смартфонның қалыңдығына да едәуір әсер етеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: appleinsider.ru

Б. Қосмағамбет