Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Ұйқыңызды шайдай ашатын «Ramos» оятқышы

Ұйқыңызды шайдай ашатын «Ramos» оятқышы

Ұйқыңызды шайдай ашатын «Ramos» оятқышы

Сіз үшін таңертең ұйқыдан тұру қиындық туғыза ма?  Немесе сіздің үнемі «Snooze» («Қайталау») батырмасын басып тастап, ұйқыңызды жалғастыра беретін әдетіңіз бар ма? Олай болса бұл мәселелерді шешуге сізге «Ramos» оятқышы көмекке келеді. Бұл қазіргі кездегі әлемдегі осындай әдеттен құтыла алмай жүрген адамдар үшін нағыз таптырмас оятқышы бар сағат болғалы тұр. Ол шығарған дыбысқа мән бермей ұйықтай беру және оны бірден сөндіріп тастау мүмкін емес.

Біріншіден, оятқыштарды шығарушы «Ramos» әдеттегі құрылғыларда міндетті түрде болатын «Snooze» батырмасынан бас тартқан. Ал оның шнурын алып үнін өшіремін десеңіз де, ісіңіз сәтсіздікпен аяқталады. Себебі оятқыш токтан ажыраған күннің өзінде оған қосымша аккумулятор көмекке келіп, нәтижесінде құрылғы сізді оятқанша тыншымайды. Екіншіден, ондағы  «Lockdown» режимі сізге оятқыштағы уақытты «кешеуілдете тұруға» еш мүмкіндік бермейді. 

Сондай-ақ «Ramos» сізді оята бастағанда, оны көпшілік оятқыш аппараттарының үстінде болатын батырма көмегімен жай ғана өшіре алмайсыз. Себебі ол бұл оятқышта атымен жоқ. Адам шыдағысыз дауыстан сіз тек жуынатын бөлмеде орналасқан клавиатурадағы сандарды басып қана құтыла аласыз.  Ал оны сындырып үнін өшіруге тек қалтаңыз қалың болса ғана бата алатын шығарсыз. Себебі бұл құрылғылардың бағасы 200-ден 800 доллар аралығында тұрады. Сондықтан сіз ұйқыңыздан тұруға лажсыз келісетін боларсыз. «Ramos» оятқышы Пол Смит есімді жігіттің өнертабысы саналады. 25 жасар нью-йорктік инженер Стивенс Технологиялық институтында қызмет жасайды. Ол өзі де кезінде ұяқыдан ояна алмайтын әдетке тап болып, кейін одан құтылу жөнінде ойлап аталған оятқышты жасап шыққан екен. Полдың айтуынша, ол өзінің ояқышының арқасында бір жылдан аса уақыт бойы ұйқысынан амалсыз оянып келеді екен. Кейін ол бұл өнертабысының тек өзіне ғана емес, ұйқысын қимайтын барлық адамдарға көмектесуін құп көріп, тапсырыспен оятқыштар жасау ісіне кіріскен.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: votimenno.ru

Қосылған күні: 23 шілде 2013, 15:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.