Google 3 айда 14 миллиард доллар тапты

Google 3 айда 14 миллиард доллар тапты

Әлемдегі атақты компаниялардың бірі – Google өзінің 3 айда тапқан табысын жариялады. Аgence France-Presse хабарлауы бойынша осы уақыт аралығында компания 14,11 миллиард доллар табысқа кенелген. Америкалық компания түскен қаржының негізгі көзін өзге елдерден жинаған. Компанияның бұл табысы өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 19 пайызға өскен.

Қазіргі таңда түскен қаржының 3,23 миллиард доллары компанияның таза өз қазынасына түсетін болады. Ал бұл табыс компания сарапшыларын қанағаттандырмай отыр. Олардың күткен жоспары бойынша табыс көлемі бұдан жоғары болуы тиіс болатын.

Google компаниясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж табыс көзінің өсуін жақсылыққа балап отыр. Оның айтуы бойынша, компания бүгінде әлемдегі көптеген адамдардың қажеттілігін қанағаттандырып келеді. Сондықтан да  Google-дың келешекте бұл межеден де жоғары көрсеткішке көтерілетініне сенімді. Ал компания адамзаттың өмірін жақсартуға барын салатынын басты назарда ұстайтынын жасырмады.

 

cурет: thesassylibrarian.blogspot.com

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 

Ө. Сансызбай