iPhone 5S смартфонының кейбір мінездемелері белгілі болды

iPhone 5S смартфонының кейбір мінездемелері белгілі болды

Жақында Интернет беттерінде жаңа iPhone 5S смартфонының мінездемелір көрсетілген ақпарат пайда болды. Осыған қарап мамандар да iPhone 3G-ден iPhone 3GS-ке немесе iPhone 4-тен iPhone 4S-ке ауысуға қарағанда iPhone 5-тен iPhone 5S смартфонына өтуі Apple компаниясы үшін жаңа дәуірдің басталуына себеп болады дегенді айтады. 

Сонымен жақын келешекте жарық көретін iPhone 5S құрылғысы iPhone 5-тегідей IGZO (Indium Gallium Zinc Oxide) технологиясымен жасалған жаңа 4-дюймды дисплейге, бұрынғыдай Apple A6 процессорына ие болмақ. Бірақ бұл жолы оның жиілігі біршама көбейген екен. Алайда осыған дейін смартфонда жаңа A7 процессоры болады деп айтылған еді. Сондай-ақ онда SGX 554MP4 4 ядролы видеоконтроллер орналасқан. Оперативті жады 2 ГБ және де жаңарған LTE модулі де бар болып шықты.   

Тағы да қызықты жәйт, iPhone 5S екібірдей жарықдиодты 12-МП камерасына, NFC технологиясына және де саусақ іздерін танитын сканерге ие болмақ. Сканерлеу технологиясын жасаушы компания ретінде AuthenTec аталды. Apple оны 2012 жылы 356 миллион долларға сатып алған еді.    

Басқа да алдын-ала жарияланған мінездемелердің ішінде  смартфонда A6X процессорымен жұмыс жасайтын iPad 4 планшетіндегідей SGX 554MP4 графикасы бар болып шықты. Әзірге белгілісі осы ақпараттар ғана. 

iPhone 5S смартфонының қашан сатылымға шығатыны жөнінде нақты мәлімет жоқ. Алайда сарапшылар оны биылғы жылдың күз айларында таныстырылады деген болжам айтуда. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені әдетте Apple өзінің жаңа өнімдерін сол күз айларында шығарып жатады. Мысалы iPhone 4S 2011 жылдың 4-қазанында шықса, iPhone 5 2012 жылдың 12-қыркүйегі күні сатылымға шықты.  

Жалпы 2013 жылдың бірінші тоқсанында Apple әлемдік нарыққа смартфондардың жоспарланған санынан да көп құрылғы шығарған екен. Олардың жалпы саны 29-32 миллион аппарат болған. Бұған бірден бір себеп қолданушылардың Apple компаниясының бұрынғы iPhone 4 және iPhone 4S смартфондарына деген сұранысының артуы айтылып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: cnews.ru

 

Б. Қосмағамбет