Huawei MediaPad 7 Youth — жаңа 7-дюймды Android-планшет

Huawei MediaPad 7 Youth — жаңа 7-дюймды Android-планшет

Қытайлық Huawei электроникалық компаниясы жаңа MediaPad Android-планшетімен толықты. Компания хабарлағандай, Huawei MediaPad 7 Youth атына ие болған құрылғы негізінен жас адамдарға арналған гаджет көрінеді. Ол 7-дюймды мүмкіндігі 1920х1080 нүктелі және де 10-нүктелі мультитачты қолдайтын экранға ие болды. 

Планшет жиілігі 1,6 ГГц болатын екі ядролы процессормен жұмыс жасайды. Алайда оның аты әзірге жариялана қойған жоқ. Сондай-ақ оның оперативті және флеш-жадтары да белгісіз күйде қалып отыр. 

Белгілісі планшет Wi-Fi және 3G мобильді байланыстарын қатар қолдай алады. Ал аккумулятор сыйымдылығы 4100мА/сағ. Сондай-ақ Huawei MediaPad 7 Youth  Google Android 4.1 Jelly Bean операциондық жүйесін қолданатыны да белгілі болып отыр. Аппараттың қалыңдығы 9,9 мм болса, ал салмағы 350 граммды құрайды.

Ал девайстың қашан және қандай бағамен дүкендерде саудаланатыны жөнінде ақпарат әзірге жоқ. Біз сіздерге жақында толық ақпаратты қосымша хабарлайтын боламыз.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет