Гибридті Dell XPS 12 ноутбугы сатылымға шықты

Гибридті Dell XPS 12 ноутбугы сатылымға шықты

2012 жылы Берлинде өткен халықаралық қолданбалы электроника көрмесі аясында Dell компаниясы Windows 8 операциондық жүйесі негізінде жұмыс жасайтын өзінің жаңа гибридті ультрабугын таныстырған болатын. Міне енді ол әлемдік нарыққа сатылымға шығып отыр. Гаджеттің басты ерекшелігі болып оның құрылымы аталып отыр: оның экраны рамка ішінде өз осінен 180 градусқа дейін емін-еркін айнала алады. Соның арқасында қолданушылар құрылғыны тек ультрабук қана емес, сонымен бірге планшет ретінде де пайдалана алады.  

Dell XPS 12 аталған модель Gorilla Glass қорғаныс қабаты бар 12,5 дюймды және мүмкіндігі 1920 x 1080 пиксельді сенсорлы экранмен жабдықталған. Сондай-ақ ол multi-touch технологиясын да қолдай алады. Ультрабук жаңа Intel Haswell процессоры негізінде жұмыс жасайды. Құрылғы корпусы алюминий мен көміртегі талшықты пластиктен жасалса, пернетақтасы жарық бергішпен жабдықталған.  

Базалық модель құрамына 4 ГБ оперативті жад, 128 гигабайтты SSD-жинақтағышы мен Intel HD Graphics 4400 графикасы кіреді.  Ультрабуктың Intel Core i5-4200U процессоры бар түрі 1200 $ тұрса, ал Core i7-4500U орнатылған түрі үшін базалық жинақтамада 1400 $ төлейсіз.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: thg.ru

Б. Қосмағамбет