Nokia ұсынған 41 мегапиксельді камерасы бар Lumia 1020 смартфоны

Nokia ұсынған 41 мегапиксельді камерасы бар Lumia 1020 смартфоны

Nokia компаниясы кеше 11 шілде күні Нью-Йорк қаласында сужаңа Lumia 1020 смартфонын таныстырды. Аппараттың басты ерекшелігі - онда орналасқан 41 мегапиксельді камера болып отыр. 

Ресми Nokia хабарлағандай, фотоматрицаның аса жоғары сапасы сандық "зумның" барлық қасиеттерін толықтай пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, қолданушы фотодағы объектіні барынша жақындатып, ондағы керекті жерін сапасын төмендетпей кесіп ала алады. 

Алайда Lumia 1020 смартфонында алдын-ала айтылған 41 емес, 38 мегапиксельді ғана камера бар болып шықты. Смартфонда "қос" режим аталатын арнайы қызмет түрі бар. Ол бойынша камера суреттерді 38 және 5 мегапиксельді екі нұсқада сақтай алады. Бірінші үлкен суретті өңдеуге де әбден болады. 

Nokia Lumia 920 камерасы түңгі мезгілде болатын әртүрлі "кедергілерден" сақтайтын оптикалық тұрақтандырғышпен жабдықталған. Оның объективі алты линза және ксенонды фотожарқыл сияқты элементтерден тұрады. Сондай-ақ смартфонмен 1080p мүмкіндіктегі видеоларды да түсіруге болады. 

Lumia 1020 смартфонында Pro Camera фотоқосымшасы да бар. Фотоларды түсіру мен оларды сақтау базалық қызметтерінен бөлек, онда камера баптауларын жасауға да болады. Оған фокустау аймағын таңдау мен оған диафрагмаларды беру сияқты қызмет түрлері және фоторедактор кіреді.  

Ал енді смартфонның өз қасиеттеріне келсек, онда оның бұрынғы Lumia 920 және Lumia 925 құрылғыларынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Жаңа смартфон екі ядролы процессорге, екі гигабайтты оперативті және отыз екі гигабайтты ішкі жадтарына ие. Алайда онда microSD картасына орын қарастырылмаған. Экраны 4,5 дюймды және 1280 × 768 нүктелі AMOLED сапасында жасалған. Ал операциондық жүйе ретінде смартфон Windows Phone 8 базасын пайдаланады. 

Lumia 1020 смартфоны АҚШ нарығына осы айдың соңына қарай 299,99 доллар бағамен сатылымға шықса, ал ТМД елдеріне ол жылдың соңына қарай жол тартпақ.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: news.com.au

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ғалымдар қазақ халқының генін зерттеуге кірісті
Ғалымдар қазақ халқының генін зерттеуге кірісті
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев