Google смартфондар мен планшеттерге арналған жаңа карта шығарды

Google смартфондар мен планшеттерге арналған жаңа карта шығарды

Google компаниясы Android және iOS жүйесіндегі смартфондар мен планшеттерге арналған жаңа картографиялық қосымша шығарды.

Жаңа карта іздеген жеріңізді оңай табуға көмектеседі. Сондай-ақ бұл қосымша арқылы ғимаратты немесе аймақты сіз толыққанды зерттей аласыз. Бұл қосымшалар арқылы қолданушы іздеген аймағының қасындағы дүкен, ресторан, қонақ үй, спорт ғимараттарын қиналмай көреді. Сонымен қатар карта қосымшасындағы навигация жүйесі де қайта жасалынып шықты. Ол арқылы тұтынушы шынайы уақыт мерзімінде тұрған жерінен, баратын жеріне дейін қандай көлік жүретінін де анықтап алады. Жаңартылған жүйе арқылы көлік жүргізушілері де қолайсыздыққа ұшыраудан құтылады.

Google компаниясының бұл жаңа картасында локатор және check-in қосымшалары алынып тасталған (бұл қосымшаларға көптеген тұтынушылар қарсылық білдірген болатын). Дегенмен, бұл бағдарламалар енді Google+ қосымшасында бар. Сондай-ақ енді оффлайн режиміндегі карта да жұмыс істемейді. Егер де тұтынушы аймақты жадқа сақтағысы келетін болса, онда іздеуіштің ішінен "OK Maps" басу керек. Сонда аймақ сақталады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: www.cnews.ru 

Ю. НИКУЛЛИН