Sony Walkman NWZ-E580 және NWZ-E380

Sony Walkman NWZ-E580 және NWZ-E380

Жапондық Sony корпорациясы өзінің жаңа екі плеерін көпшілікке таныстырды. Олар Walkman "жанұясына" кіретін NWZ-E580 және NWZ-E380 модельдері. Бұл девайстар Еуропа нарығына осы айдың соңына қарай шығады деп жоспарланған.

Екі құрылғы да MP3, WMA, Linear PCM, AAC, HE-AAC, FLAC, Apple Lossless, AVC, MPEG4 және WMV 9 аудио- және видеоформатындағы файлдарды ойнатып, сондай-ақ картиналарды көрсете алады. 

NWZ-E580 плеері 2-дюймды дисплейге ие және де ондағы аккумулятор оны 77 сағат автономды жұмыспен қамтамасыз ете алады. Девайсқа қосымша MDR-NC31 шуды естіртпейтін соңғы үлгідегі MDR-NC31 құлаққабы сыйға беріледі. Ал NWZ-E380 болса ондағы дисплей диагоналі кішірек - 1,7 дюйм. Ал плеердің өзі ешқандай қуатсыз 30 сағатқа дейін жұмыс жасай алмақ.  

Жаңа плеердің бағалары жөнінде әзірге нақты ақпарат жоқ. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: shinyshiny.tv

Б. Қосмағамбет