Asus MeMO Pad HD 7 — 149 $ тұратын жаңа планшет

Asus MeMO Pad HD 7 — 149 $ тұратын жаңа планшет

Asus компаниясы тұңғыш рет Computex көрмесінде MeMO Pad HD 7 планшетін таныстырды. Қазірдің өзінде дүкен сөрелеріне түсіп үлгерген құрылғы 149 доллар бағамен сатылып жатыр. Мамандар жаңа планшет аталған компанияның бұрынғы өнімі Nexus 7-ге бәсекелестік тудырады деген болжам айтуда. 

Asus MeMO Pad HD 7 планшеті 7-дюймды мүмкіндігі 1280х800 пиксель болатын экранмен және 1,2 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын 4-ядролы процессормен жабдықталған. Гаджеттің оперативті жады 1 ГБ құраса, флеш-жады 16 ГБ болады. Сондай-ақ Nexus 7-ге қарағанда онда microSD картасына да орын табылған. 

1

Жаңа планшеттің 5-мегапиксельді негізгі және 1,2-мегапиксельді фронтальды камералары бар. Wi-Fi және Bluetooth 4.0 қос сымсыз технологияларын да қатар қолдай алатын мүмкіндікке ие. Планшетпен бірге TransCover қабы да сатылатын болады. Оның қызметі девайсты видео көру немесе мәтін жазу үшін өзіңіз қалаған бұрышта орналастыра аласыз. Қорғаныс қаптары қара, жасыл және алқызыл түстермен сатылатын болады. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: blog.laptopmag.com, androidcentral.com

Б. Қосмағамбет