Шығыс құлтемірлері ән кешін өткізуде

Шығыс құлтемірлері ән кешін өткізуде

Жапонның музыка нарығын жаулай бастаған "Z Machinese" тобы туралы не білесіз? Бірыңғай футурист құлтемірлерден тұратын рок-топ гитара мен пернелерде, одан бөлек дауылпаздарда бір адамдай ойнайды дегенге сенесіз бе? 

"Z Machinese" тобы Йочиро Кавагути мен Токио ақпараттық технологиялық университетінің дизайнері Наофуми Йонецуктің қол тумасы. Сахна төрін жарып, жарқын қуанышқа бөлейтін футуристикалық беймәлім талантты дүниелер біраз уақыттан бері ойларында жүрген: бір уақытта жиырма бір барабанда ойнай алатын Ашуру барабаншы; жетпіс сегіз саусағымен ойнайтын металл мен ток көздерінен құралған Макс; сәулелерді көзге лақтыратын Космо клавиш шебері. 

Таяуда ғана құлтемірлер Токио төрінде кеш өткізді. Қошеметтер пен алғыстар легі аямай жауды. Соған қарамастан, топ мүшелері құлтемірлерді жандандыра түсіп, әлемдік деңгейде кеш өткізуге дайындалмақ. Оған дейін, заманға сай келетін жаңа әуендерге үйретпекші екен.

Қалай ойлайсыз, ән нарығына құлтемірлердің келуі дұрыс па? Төмендегі видеоға назар аударыңыз. 


сурет:eandt.theiet.org 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига