Google әлемдегі ең биік ғимараттың панорамасын жасап шықты

Google әлемдегі ең биік ғимараттың панорамасын жасап шықты

Google Street View панорамалар қызметінде әлемдегі ең биік (биіктігі 828 метрді құрайды) «Бурдж-Халифа» ғимаратының толықтай біріктірілген суреті жарияланды.  

Панорамалық көріністерде «Бурдж-Халифа» ғимаратының интерьері (кіру алдындағы фойе, 43 және 76-қабаттардағы бассейн және дәліз), 124-қабаттағы бақылау алаңы мен тағы да басқа айналадағы биік ғимараттар бейнеленген. Барлық суреттер ғимараттың 80-қабатындағы сыртқы сатыдан түсірілген екен. 

Ең биік нүкте болып 163-қабат орналасқан. Ол техникалық қызмет көрсету қабаты болып саналады. Әдетте ол жерге келушілер жіберілмейді. Бірақ Google осы панораманы жасау үшін ғимарат әкімшілігінен рұқсат алған көрінеді. 

«Бурдж-Халифадағы» түсірілім жұмыстары 2013 жылдың мамыр айынан бастап жүргізілді. 

Панорамалар үш күннің ішінде жасалған екен. Ал камералар болса арбамен жылжытылып және де Trekker рюкзагімен тасымалданған. Әдетте Google көше панорамаларын түсіруге автокөліктерді пайдаланса, ал көлік аяғы баспайтын жерлерге олар арбашалар мен рюкзактарды қолданады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: omyworld.ru

Б. Қосмағамбет