U7 Projector Tablet – проекторы бар тұңғыш Android-планшет

U7 Projector Tablet – проекторы бар тұңғыш Android-планшет

Chinavasion қытайлық интернет-дүкені U7 Projector Tablet планшетін сатуды бастап кетті. Аты айтып тұрғандай, құрылғы әлемдегі проекторы бар тұңғыш планшет болып табылады. 

Бұл гаджет 7-дюймды, мүмкіндігі 1024х600 пиксельді құрайтын IPS-дисплейімен жабдықталған. Ал капотының астында екі ядролы, жиілігі 1,2 ГГц құрайтын TI OMAP4430 ARM Cortex-A9 процессоры орналасқан. Оперативті жады 1 ГБ құраса, флеш-жады 8ГБ болады. Оны microSD картасы есебінен 32 ГБ дейін ұлғайтуға болады. Планшет сымсыз Wi-Fi және Bluetooth технологияларын қолдап, онда 2 мегапиксель камера да орналасқан. Құрылғы Android 4.2 Jelly Bean операциондық жүйесімен жұмыс істейді. 

 

2

Ал оның басты ерекшелігі проекторына келер болсақ, ол мүмкіндігі 854х480 пиксель болатын картиналарды көрсетуге қауқарлы. Бейнелерінің айқындылығы 40 люменді құрайды. Демек, проекторды тек бөлме ішін қараңғылағаннан кейін ғана қосуға болады. Картиналардың максималды диагоналі 50 дюймды құраса, проектор режимі қосулы кезде планшет үздіксіз 3 сағат жұмыс жасай алады. 

2

Қазіргі кезде U7 Projector Tablet планшет-проекторын 380 АҚШ долларына сатып ала аласыз. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru, freshgadgets.nl

Б. Қосмағамбет