Бір тәулікте 5 миллион видео салынды

Бір тәулікте 5 миллион видео салынды

Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары 24 сағаттың ішінде 5000000 видео салып үлгерген. Бұл рекорд желінің видео салуға мүмкіндік беретін жаңа қызметі ашылған күні болды.

Ең көп деңгейдегі көрсеткіш бойынша, бір минутта желіге 40 мың сағатты құрайтын видеолар салынып жатыпты. Желі жаңартылған соң Instagram-ға 130 миллион қолданушы салған видеоның барлығын көріп шығу үшін бір жыл қажет болады екен. Суретке түсіріп, эффект қолданып, көрерменіне ұсынатын желі 15 секундтық видеомен бөлісуге мүмкіндік беретін жаңа қызметін 20 маусымда іске қосқан болатын. Суретке түсіретін батырманың оң жағында видео жазуға арналған батырма пайда болды, ал оларды жариялаған соң соң жақ жоғарыдағы видео белгісіне байланысты ажыратуға болады. Қолданушының жазылған видеоның кейбір фрагменттерін өшіруге және қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар.

Instagram желісі, сонымен қатар, видеоны өңдеуге арналған арнайы 13 фильтр түрін шығарды. Мәселен, Cinema қызметі видеороликтердің дірілін бір қалыпқа келтіреді. Instagram-ның жаңа желісі ендігіде Vine видеосервисімен бәсекеге түсіп, басып озбақ ниетте.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: iphones.ru

А. Құлтай