Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Ең жұқа 5 смартфон

Ең жұқа 5 смартфон

Ең жұқа 5 смартфон

Қалыңдығы бар болғаны 6,18 мм болатын Huawei Ascend P6 смартфонының жарыққа шығуы смартфондар арасындағы көлемге байланысты тартыста миллиметрдің оннан бір бөлігінің өзі есепке алынатынын көрсетті. Массагет.кз соңғы бір жарым жылда жарыққа шыққан ең жұқа 5 смартфонды іздеп тауып, соларды назарларыңызға ұсынбақ.

1. Huawei Ascend P6


Қалыңдығы 6,18 мм, таныстырылған күні 18 маусым 2013 жыл, сатылымға әлі шықпады.

Huawei компаниясының смартфонының корпусы металдан жасалған. Оның сипаттамасы орташа телефондардан жоғары, бірақ нарық көшбасшыларына жете алмайды.

Экран диоганалі 4,7 дюйм. Аталған құрылғы фирмалық 1,5-ГГц төрт ядролық K3V2E процессор, 2 Гбайт оперативті жадпен жабдықталған. Телефон маңдайшасындағы камераның түсіру сапасы 5 мегапиксель болса, негізгі камеранікі – 8 мегапиксель.

2. Alcatel One Touch Idol Ultra 6033


Қалыңдығы 6,45 мм, таныстырылған күні қаңтар 2013 жыл, құны шамамен 65 000 теңге.

Жарты жыл бұрын таныстырылған Alcatel компаниясының смартфоны экран сипаттамасы жағынан қазіргі рекордшымен тең түседі, бірақ ішкі құрылысы жағынан едәуір нашар.

Дисплейі көлемі мен диагоналі Ascend P6-мен бірдей. Құрылғы 1,2-ГГц екі ядролық проецессорде жұмыс істейді және 1-Гбайттық жады бар. Негізгі камераның түсіру сапалығы 8 мегапиксель, ал телефон маңдайшасындағынікі – 1,3.

3. BBK Vivo X1


Қалыңдығы 6,55 миллиметр, таныстырылған күні 23 қараша 2012 жыл, Қазақстанда сатылмайды.

Vivo X1 экранының көлемі алдыңғы екі құрылғынікімен бірдей, алайда сапасы төмендеу (960×540  нүкте). Процессор, жад және негізгі камера параметрлері Alcatel One Touch Idol Ultra 6033-ке ұқсайды, ал смартфон маңдайшасындағы камераның түсіру сапалығы – 2 мегапиксель.

4. Oppo Finder X907


Қалыңдығы 6,65 мм, таныстырылған күні 27 қараша 2012 жыл, шамамен 70 000 теңге.

Бұл да Қытай өнімі. Смартфон сипаттамасы жарыққа шыққан кезде де үздік саналмаған, бірақ әзірге бәрі қанағаттандырарлықтай.

4,3-дюймдік экранның сапалығы 800×480 нүкте. Ол Super AMOLED технологиясы бойынша жасалған. Құрылғы Qualcomm компаниясының 1,5-ГГц екі ядролық процессор негізінде жұмыс істейді және 1 Гбайт оперативті жадқа ие. Маңдайша камерасы 1,3 мегапиксель болса, негізгісінде 8 мегапиксель бар.

5. Huawei Ascend P1 


Қалыңдығы 6,68 мм, таныстырылған күні 9 қаңтар 2012 жыл, құны шамамен 65 мың.

4,3-дюймдік экранның сапасы 960×540 нүкте, 1,5-ГГц екі ядролық процессор мен 1 Гбайт оперативті жад - Huawei Ascend P1 S-дің артықшылығы осы ғана. Негізгі камерасы 8 мегапиксельді. Өз кезегінде алдыңғы камерада 1,3 мегапиксель ғана бар.

Айта кетсек, рейтингте көрсетілген смартфондардың барлығы Android платформа негізінде жұмыс істейді. Өндірушілер басты назарды қалыңдыққа бөлген, сондықтан оларда айтарлықтай инновация жоқ.

Атақты өндірушілердің үздік смартфондарының ішінде қалыңдығы жағынан топ бестікке iPhone 5  қана жақындай алды. Оның қалыңдығы – 7,6 миллиметр.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: redusers.com, it-technology.complexdoc.ru, 4pda.ru

2099 10
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2013, 21:15
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2013, 09:49

Осы бәріміз самсунг мен айфон аламыз, осы алкател, хуавейлардың сапасы қалай? Алғым келіп жүр, білетіндер бөлісіңіздерші

+0
27 қыркүйек 2013, 11:52

Өзім Алкатель ұстап жүрмін, қазір П6 алғым кеп жүр. Жамман ұнап қалды. Керемет телефон. Болмаса 50-60 мыңға галакси 4-тің күші бар Зиппо немесе Дзяю алам.

+0
27 қыркүйек 2013, 11:38

Самсунгтан басқасын білмейм ((

+0
27 қыркүйек 2013, 11:49

Осы аталған модельдің бәрі қытайдікі. Алкатель кезінде француздық брэнд еді, қазір қытайдың ТСТ деген фирмасы шығарады. Ал анау бірінші тұрған ең жұқа смартфон П6 біздің Алматыда бар. 75-80 мың тұрады шамамен. Интернет магазиннен заказ берсеңіз 15 күннің ішінде әкеліп береді. Дегенмен, салыстырмалы түрде басқа қытай телефондарынан қымбаттау, бірақ сасмунгтерден арзандау. Қытайдың 50-60 мың тұратын мощный мощный телефондарының конфигурациясы 90-100 мың тұратын самсунг, ХТСлармен бірдей. Аттап басқан жерің галакси, сол үшін де самсунгтен басқа ештеме білмейді біздің халық.

+0
27 қыркүйек 2013, 11:51

Зиппо, Дзяю деген телефондары арзан, әрі сапалы. Самсунг, НТС, ЛГ қолданатын бөлшектерді бұлар да қолданады. Сапа жағы тіптен артықтау деп айтар ем. Оларда обычный модельге 3000мА аккумулятор салады, ал ондай аккумулятор самсунгтың топовый телефондарында ғана бар

+0
27 қыркүйек 2013, 12:02

анау алкателдің экраны күшті бір телефон бар еді ғой 50 мыңдай. сол қандай модель?)

+0
27 қыркүйек 2013, 12:40

Мен ұстап жүрген Айдол 6030Д УанТачты айтып отырсаң, оның экраны стандартный ғана. 960х540 пиксель. Ал Айдол Ультра мындағы көрсетілген АжДи разрешение. 1280х720.

+0
27 қыркүйек 2013, 14:44

Сания Galaxy ден басқа мына телефондарды ұсынамын: SonyXperia , HTC , Huawei , Fly , Lg, Alcatel.
Әсіресе маған мына телефон ұнайды: Sony xperia z

+0
27 қыркүйек 2013, 15:27

рахмет, ал хпериаға деген махаббат атыңыздан ақ байқалып тұр)

+0
19 қазан 2013, 18:35

Расымен де жұқа екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...