Instagram-да видео пайда болуы мүмкін

Instagram-да видео пайда болуы мүмкін

Instagram желісінде қысқа видео түсіріп, оны жариялай алатын боласыз. Фотохостинг жаңа қызметті 20 маусым күні таныстырады, деп жазады TechCrunch.

Instagram-ның видеосервисі шығады деп ресми түрде айтылмады, бірақ бұл туралы БАҚ өкілдерімен болатын кездесуде жарияланады деп күтілуде. Facebook алғашында америкалық ірі басылымдардың поштасына арнайы шақыру хат түсіріпті. Онда журналистерге Калифорния қаласында жаңа өнім таныстырылады делінген мәтін болған. Шақыру қағазы кофе тамшыларының суреттері бейнеленген қағазды қарапайым пошта конверті арқылы таратылыпты. Бұдан журналистер сервистің RSS (электронды газет оқуға мүмкіндік беретін қызмет) форматты оқу қызметі таныстырылады деп қауесет айта бастаған.

Ал бұдан бір ай бұрын журналист әрі блогшы Мэттью Киз (Matthew Keys) белгісіз қайнарларға сілтеме бере отырып, Facebook компаниясының Instagram желісінде видеороликтер жариялауға мүмкіндік беретін қызмет пайда болады деп айтқан болатын. Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай қызмет түрін жарты жыл бұрын Vine сервисі (6 секундттық видеролик) ұсынған болатын.  

Facebook компаниясының қоластындағы Instagram желісі 2010 жылдың қазан айында шыққан болатын. Онда сурет түсіріп, оны жариялауға мүмкіндік жасалған. 2013 жылдың қаңтар айында Twitter компаниясы смартфондарға арналған (Instagram қызметіне ұқсас) Vine желісін жасап шыққан болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ugolock.ru

А. Құлтай