Жаңа нұсқалы "Kinect" контроллерінің теңдессіз мүмкіндіктері (видео)

Жаңа нұсқалы "Kinect" контроллерінің теңдессіз мүмкіндіктері (видео)

"Microsoft" корпарациясы таяуда "Xbox One" жаңа өнімімен бір қатарда "Kinect" контактысыз сенсорлы контроллердің жаңа нұсқасын таныстырды.

Бағдарламалар шоғыры топтасқан жаңа үлгідегі аппарат қарапайым қолданыстан гөрі бизнес-бағытқа көбірек жұмылдырылған. Компьютер ойындарын жай ғана ойнатып қана қоймай, сол қатарда бірлескен адамдардың тобының қосымшасын (приложение) жасауға септеседі.

"Kinect" өнімінің дамытылған осы бір нұсқасында 1080p жоғары еркіндіктегі түсті камера (ескі нұсқада VGA-камера орналасқан) шоғырланған. Сол арқылы қолданыста қолы ұзарған қондырғы қолданушының дене қимылын қалт жібермей, тіпті, иесінің шал кеткен уақытындағы эмоционалдық күй-ахуалын назардан тыс қалдырмақ емес.

Камера ұяшығы бір заматта алты адаммен ортақ тіл табыса алмақ. Сонымен қатар, жаңа "Kinect" сыртқы шуды еш елемей, ұжымдық жолдауларды анық жеткізетін микрофонға ие. Жаңа "Kinect" қондырғыдан алыста тұрған немесе кішкентай бөлмедегі адамды да тауып бере алады.

Ұмытпай тұрғанда, "Kinect" өнімінің теңдессіз мүмкіндіктегі нұсқасы 2014 жылы нарыққа жол тартпақ.

Cурет:techvesti.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига