Samsung компаниясы GALAXY Tab 3 планшеттерінің жаңа нұсқасын көрсетті

Samsung компаниясы GALAXY Tab 3 планшеттерінің жаңа нұсқасын көрсетті

Көпшілік күткендей Samsung компаниясы өз бәсекелестері қашан өнімдерін таныстырады екен деп әліптің артын баққан жоқ. GALAXY Tab сериясындағы жаңа модельдерді өз қолданушыларына таныстырып үлгерді. Әзірге бұл серияға өлшемдері 8’’ және 10,1’’ болатын екі түр кіріп отыр. 

Samsung Galaxy Tab 3 (8’’) сегіз дюймды 1280 x 800 пиксель мүмкіндіктегі дисплейге ие. Ол екі ядролық жиілігі 1,5 ГГц болатын процессормен (қандай екені белгісіз) жұмыс жасайды. Оперативті жадының көлемі 1,5 ГБ болса, ал флеш-жад көлемі қолданушының талғамына қарай 16 мен 32 ГБ аралығында. Планшетте операциондық жүйе ретінде Android 4.2 Jelly Bean жұмыс жасайды. 

1

Флеш-жад көлемін microSD слотының көмегімен көбейтуге болады. Байланыс интерфейстерінің ішінде WiFi мен Bluetooth бар, 4450 мА*сағ батарея оны қуатпен қамтамасыз етеді. Планшетте екі камера орналасқан - бес мегапиксельді негізгі және 1,3 мегапиксельді қосымшасы. 

2

Компания ұсынған екінші бір нұсқа он дюймды (1280 800 пиксельді) дисплеймен жабдықталған. "Капотының" астында 1,6 ГГц болатын екі ядролы процессоры бар. Ол да 4.2 Jelly Bean операциондық жүйесімен жұмыс жасайды. Екі камерамен 3 Мп негізгі және 1,3 Мп қосымшамен жабдықталған. Үлкен планшетте бар болғаны бір гигабайт оперативті жады бар, алайда флеш-жадының опциялары 16-32 ГБ түрінде болады. Батарея сыйымдылығы 6800 мА*сағ құрайды. 

34

Tab 3 планшеттерінің сериясы сатып алушыларға осы айдың басында ұсынылатын болады. Әзірге бағасы жариялана қойған жоқ. 
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gadgetblog.ru
Б. Қосмағамбет