Ұялы телефоныңыз тез қуатталатын болды

Ұялы телефоныңыз тез қуатталатын болды

Фениксте (Аризона штаты) өтіп жатқан халықаралық ғылым жәрмеңкесінде калифорниялық жоғары сынып оқушысы Иша Харе (Eesha Khare) көпшілікке өз өнертабысын таныстырды. Ендігі таңда ұялы телефондардың сағаттар бойына қуатталуын күтіп отырмайтын боласыз. 

20-30 секундта толыққанды қуатталып бітетін энергия жинақтау жобасы үшін 18 жасар жасөспірімге 50 000 доллар бұйырды. 

Теззарядты қондырғыны мектеп оқушысы суперконденсатор деп атайды. Өйткені әлгі суперконденсаторыңыз тар уақыт ішінде үлкен энергия көзін жинақтап, ұзақ уақытқа қуат көзін сақтауға бағытталған. Әрі жаңа қондырғының шағын көлемі де ерекше таңданыс тудырады. 

Жобалаушының сөзіне сенсек, аталған өнертабыс қайта қуаттаудың 10 000 циклін ұстап тұра алады (қарапайым аккумуляторлардыкі 1 000 циклге есептелген). 

Иша Харе, жоба авторы:

"Ұялы телефонның қуат көзі қажет тұста таусылып қала береді. Жаңа қондырғының әрқырлылығына қарай отырып, оның алдағы таңда тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданыста болатыны дау туғызбайды".  

Бір айта кетерлігі, Иша осы бір технологияны жасап шығаруда жарықжылтыратқыш диодтың күш-қуатын қолданған. 

Сурет:fishki.net

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига