YouTube 8 жасқа толды

YouTube 8 жасқа толды

Youtube.com атты домен тұңғыш рет 2005 жылдың 14 ақпанында тіркелсе, ал 2005 жылдың 19 мамырында жалпыға ортақ жоба ретінде таныстырылды. Яғни бүгін YouTube видеохостингі 8 жасқа толып отыр.

Бұл қызметке күн сайын ұзақтығы 100 сағаттан асатын видеолар жүктеледі. Егер сіз осы материалдарды толық қарап шығуды шешсеңіз, ол тек төрт есе жылдам көру режимімен ғана мүмкін болмақ.

YouTube-ке әр минут сайын әлемнің кез келген бұрышынан кем дегенде бір видео жүктеліп жатады. Ал Жер бетіндегі бір миллиард адам (әлемдегі интернет-қолданушыларының жартысы) YouTube қызметіне ай сайын кем дегенде бір рет болса да кіреді екен.

Әлем бойынша YouTube-те миллионан аса адам контент жасаумен айналысады. Сонымен бірге, мыңнан аса компания өз қызметкерлеріне күніне бір сағат болса да YouTube-ке кіруді "заңдастырған". 

YouTube - Google корпорациясының тарихындағы ең сәтті сатып алу келісімі болып табылады (Google оны 2006 жылдың қарашасында 1,65 миллиард долларға сатып алды). Компанияның 2005 жылы тұңғыш рет Джавед Карим жүктеген 19 секундтық видеосы әлі күнге дейін сақтаулы тұр. Оған осы күнге дейін 81 мыңнан аса пікір қалдырылған екен.


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: itupdate.ru

Б. Қосмағамбет