Ультрапортативті Western Digital қатқыл дисктері

Ультрапортативті Western Digital қатқыл дисктері

Western Digital компаниясы My Passport портативті жинақтағыштар қатарын жаңа My Passport Ultra сериясымен толықтырды. Жаңа құрылғы өзінің ыңғайлылығымен және көлемі 500 ГБ, 1 ТБ және 2 ТБ болатын сыйымдылығымен ерекшеленеді. Ондағы интерфейс USB 3.0 құрайды. 

Жаңа сақтау құрылғысының өлшемдері сыйымдылықтарына байланысты өзгереді. Мысалы, 2-терабайттық модель габариті 11,05х2,08х8,20 см, салмағы 230 грамм болса, ал 500-гигабайттық модельдің қалыңдығы 1,27 см.

My Passport Ultra жинақтаушысы белгілі Dropbox сервисімен WD Smartware Pro резервті көшірмесін синхрондауға арналған бағдарламамен қамтамасыз етілген. 

500-гигабайттық My Passport Ultra жинақтағышының бағасы 100 доллар болса, терабайттық модель 130 доллар тұрады. Ал 2-терабайттық модельдің бағасы әзірше белгісіз.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет