Бұл бағдарлама ән ырғағын нотаға айналдыра алады

Бұл бағдарлама ән ырғағын нотаға айналдыра алады

Швециядағы Корольдік технологиялық институттың зерттеушілері жай ән-ырғақты нота жазбасына айналдыра алатын смартфонға арналған жүктеме жасап шығарған.

“ScoreCleaner Notes” бағдарламасы оңтайлы түрде көңіл күйсандығында көптен бері жүрген ән ырғағын тиімді жазбаға айналдыратын болады. Ән ырғағы қағазға түсіре алмай жүрген жандарға арналған.

Музыкантшы ол үшін қажетті ырғақты микрафон қондырғысының алдында ойнайды, сол арқылы керек белгілер мен музыкалық екпін, оның созылу ырғағы жүктеме арқылы экранға нота болып түседі. Қолданушыға нота сауаттылығында біліктіліктің қажеті шамалы, жай ғана өз көңіл күйсандығындағы ырғақты ойнап немесе ыңылдап берсе болғаны.

Нота жазбасы өздігінен сақталып, кез келген уақытта жүктеледі.

Сурет:grimnir74.livejournal.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига