Даттықтар ВИЧ-ті емдеудің потенциалды жолын тапты

Даттықтар ВИЧ-ті емдеудің потенциалды жолын тапты

Даниядағы Орхус университеті госпиталінің ғалымдары ЖҚТБ-ға қарсы вакцинаны іздестіру жұмыстарымен айналысуда.

Мамандар 15 еріктіні тәжәрибе астына алып, адам ДНҚ-сынан ВИЧ инфекциясын жойып жіберу бағытында жұмыс істеп жатыр. Эксперименттің бастапқы сатылары сәтті өтер болса, ғалымдар кішкене топ жинап, зерттеу жұмыстарымен тереңірек айналыспақ.

"ДНҚ-резервуарынан ВИЧ-ті шығарып тастай алатындығымызға толық сенімдімін. Бар қиындық ода емес. Бар мәселе, пациенттің иммундық жүйесін шығарылған вирусты танып, оны жойып жіберуге итермелеуде болып тұр. Бұл әр адамның иммунитетінің қуатына ғана байланысты нәрсе", - деді аға зерттеуші Оле Согаард.

Айта кетелік, үстіміздегі 2013 жылдың қаңтарында өткізілген лабораториялық зерттеулер бұл тәсілдің дұрыс екендігін дәлелдеген болатын. Бұдан кейін дат ғалымдары жұмысты жалғастыру үшін 12 миллион крона (324 миллион тенге) көлемінде қаржылай қолдауға ие болған еді.

"ВИЧ-вирус алғашқы пациенттен шығарылған кезде бұл медицина тарихындағы ұлы оқиға болады. Дегенмен жаппай емдеу жұмыстарына бізге тағы 5 жыл уақыт керек болады", - деді дәрігер Джон Картер.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: medpravda.com

Massaget