Memory Card to DVD Converter мәліметтерді карта жадынан DVD-ге жазады

Memory Card to DVD Converter мәліметтерді карта жадынан DVD-ге жазады

Осы күнге дейін фотоаппаратыңыздағы карта жадының толып қалуы сізге проблема болып келгені белгілі. Ендеше біз сіздерге осы олқылықтың орнын толтырушы жаңа гаджетті ұсынамыз. Ол Memory Card to DVD Converter деп аталады. 

Бұл портативті девайс компьютерсіз-ақ қажет мәліметтерді карта жадынан DVD-ге немесе керісінше көшіруге мүмкіндік береді. Құрылғы барлық сақтау жадтарын қолдай алады.

Сондай-ақ ол мәліметтерді қатарынан бірнеше дискке бөліп, көшіре алады. DVD дисктері үшін 8x, ал CD үшін 24х жылдамдықпен жұмыс жасайды. Оның салмағы бар болғаны 228 граммды құрайды. Гаджет сонымен бірге, оптикалық диспен және USB-құрлығыларының кез-келгенімен мәлімет алмаса алады.

Memory Card to DVD Converter құрылғысының қазіргі бағасы 200 $.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: news.ivest.kz 

Б. Қосмағамбет