Болашақта үйіңізде қандай техникалар болады?

Болашақта үйіңізде қандай техникалар болады?

Біздің бүгінде тұрып жатқан үйлеріміз бұрынғы үйлерге қарағанда біршама "ақылды". Бұл үшін технология саласындағы компаниялар түрлі жағдайлар жасауда. Өткен жылдың ішінде, үйге арналға "ақылды" құрылғылардың 821 миллион данасы сатылған екен. Олардың ішінде теледидарды, тоңазытқышты, дыбыс жүйесін, үйдің жарық жүйесін басқаратын құрылғылар да бар. Назарларыңызға 2013 жылы шығатын "ақылды" үйлерге арналынған "ақылды" құрылғыларды ұсынамыз. 

Үйді сенсор арқылы басқару жүйесі

Шағын сенсорлы құрылғылар терезе, есік, жаттығу залы және үйдің дәл ортасында орнатылатын болады. Бұл құрылғы арқылы сіз үйдің температурасын, есік пен терезенің ашылып-жабылуын, теледидарды және басқа тұрмыс техникаларын оңай басқара алатын боласыз. 

Айфон арқылы жарықты басқару

GreenWave Reality компаниясы арнайы Айфон смартфонына арнап үйдің жарық жүйесін басқару бағдарламасын ойлап шығарды. 

Үй бір ғана операциялық жүйе бойынша басқарылатын болады

Microsoft компаниясы бүкіл үйді бір ғана операциялық жүйе бойынша басқару амалын тәжірибеден өткізіп жатыр. Тәжірибенің басты мақсаты - үйді бір ғана смартфон немесе компьютер арқылы басқару болып табылады. Қазіргі таңның өзінде бұл операциялық жүйенің ішінде жарықты қосу-сөндіру, бақылау камерасы, теледидар және бірнеше тұрмыстық техникалармен байланыстырған сынақтары сәтті аяқталды. 

Сіздің жеке роботыңыз болады

 

Bossa Nova Robotics компаниясы Моби есімді сіздің жеке көмекшіңіз болатын робот ойлап тапты. Робот үй ішінде емін-еркін дөңгелектері арқылы жүре алады. Бет-пішіні ретінде планшет бар. Планшет Skype бағдарламасы арқылы қожайынының тапсырмаларын орындау үшін орнатылған. 

Тоңазытқыш не сатып алу керектігін, қандай тамақ даярлау керектігіңізді айтып отырады

LG компаниясының ұсынған тозатқышы сіздің азық-түлігіңізді толығымен қамтамасыз етіп отырады. Бұл дегеніміз, сіз онлайн арқылы азық-түлік сатып ала-аласыз, азықтың қанша уақытқа жарамдылығын сканирлеу арқылы анықтай аласыз және де тоңазытқышта бар азықпен қандай тағамдар жасай алуға болатын туралы мәзірді де білесіз. 

Микротолқынды пешті кез-келген қашқтықтан басқара аласыз

Егер сіз тәтті нан пісіргіңіз келсе, онда жұмыстан қайтып келе жатып-ақ, микротолқынды пешті қоса аласыз. LG  компаниясының ұсынған соңғы микротолқынды пеші смартфондар арқылы түрлі қашықтықтан басқарылады. Және де пеш сізге автоматты түрде тәтті нанның мәзірі мен нан пісірілетін температураны дәл анықтап береді. 

Үйіңізде миллионнан астам түсті жарық орната аласыз

iOS жүйесіндегі Philips Hue бағдарламасы арқылы үйіңізде кез-келген түсті орната аласыз. Бұл арқылы сіз түрлі табиғат жағдайын үйіңіздегі жарықтар арқылы көресіз. 

Бақылау камералары үйіңізге бөтен адамның кіргенін айтып отырады

Carnegie Mellon компаниясының зерттеушілері үйді бақылап тұратын камера тек үйді бақыламай, үйге кірген бөтен адам туралы да хабар беруін зерттеп жатыр. 2013 жылдың ортасынан бастап бұл камералар да сатылымға шығады. 

"Ақылды" термостаттар үйде жоқ кезіңізде де қалыпты температураны сақтап тұрады

Nest фирмасының термостаттары кестеңіз бойыншағ электроэнергияны үнемдеуге көмектеседі. Және үйден жырақ жүрген кездеріңізде, мобильді телефон арқылы үйдің температурасын қалыпты етіп ұстауға көмектеседі.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: apple.com

Ю. НИКУЛЛИН