Ең жеңіл смартфон

Ең жеңіл смартфон

Alcatel компаниясы АҚШ-та өтіп жатқан CES-2013 технологиялардың жәрмеңкесінде әлемдегі ең жеңіл смартфонды таныстырды.

Жаңа смартфонның аты - Alcatel One Touch Idol. Экраны 960 х 540 нүктеге кеңейтілген 4,7-дюймды. Ал телефонның қалыңдығы 8,2 мм, салмағы бар болғаны 110 граммға тең келеді екен. Бағдарламалардың жақсы жұмыс жасауына 512 Мб жедел жадты 1,2 ГГц жүйелік блок жауап береді. Ал құжаттарды сақтауға арналған жады 4 немесе 8 Гб болып келеді.

Камерасына келетін болсақ, жаңа смартфонда 8 мегапиксельді HD-видео форматындағы камера орнатылған. Алдыңғы бөлігіндегі камера 2,1-мегапиксельге есептелген. Смартфон толығымен Android 4.1 операциялық жүйесі бойынша жұмыс жасайды.

"Ең жеңіл смартфон осы айдың соңында сатылымға шығады",-дейді компания қызметкерлері. Бірақ, бұл телефонның сатылымдағы бағасы нақты қанша екені әлі белгісіз. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: kurs.ru

Ю. НИКУЛЛИН