Facebook жарты жылда 3 миллиард жалған аккаунтты бұғаттаған

Facebook жарты жылда 3 миллиард жалған аккаунтты бұғаттаған
Фото: TNW

Facebook компаниясы 2018 жылдың қазан айы мен 2019 жылдың наурызы аралығында 3 миллиард жалған аккаунтты бұғаттаған. Бұл өткен жылғы көрсеткішімен салыстырғанда екі есе көп, - деп жазады Associated Press.

Компания өкілдері хабарлағандай, әлеуметтік желіге тіркелушілердің 5%-ы жалған аккаунттар екен. Олар желіні бір айдай уақыт қана қолданатын көрінеді. Спам мен жалған ақпараттарды таратып, желі ережесін бұзады. Тіпті ондай жалған аккаунттардың көпшілігі ашылған бойда өшіріледі екен.

Facebook желісі қолданушылардың жалған ақпараттарды таратпауымен күресіп келеді. Күдікті аккаунттарды да бақылаудан тыс қалдырмайды.

О. Сансызбай