Компьютерге орнатылатын ең қажетті бағдарламалар

Компьютерге орнатылатын ең қажетті бағдарламалар

Құрметті Массагет порталының оқырмандары! Бүгін сіздерге компьютеріңізге ең қажетті бағдарламалар жөнінде бірер мәлімет береміз. Мысалы, бағдарламалар туралы түсініктер мен олардың атқаратын қызметтері жөнінде.  

Ең бірінші кез келген компьютерде драйвер болуы керек. Драйвер компьютерде ойын ойнауға, фильм көруге, музыка тыңдауға және т.б. қызметтерді қолдануға ең қажетті нәрсе. Егер драйвер орнатылмаса, онда музыка тыңдалмас еді, ал фильм көрілмес еді.

Одан бөлек тағы қандай бағдарламалар ең қажеттіге саналатынын төмендегі тізімнен қарап білейік:

WinRaR (7-Zip, WinZip) - файлдарды сығуға арналған бағдарлама. Оны архиватор деп те атайды. Онсыз кейбір файлдар тіпті ашылмайды. 

Adobe Acrobat немесе Foxit Reader (өз таңдауыңыз бойынша) – бұл бағдарлама кейбір кітаптарды ашуға қолданылады. 

Microsoft Office (OpenOffice) – офистік бағдарламалардың жиынтығы. Оған Word, Excel, PowerPoint және тағы басқалары кіреді. 

K-Lite Codec Pack (Media Player Classic) – фильмдерді қарауға және музыка тыңдауға арналған бірнеше бағдарламалардың жиыны.

Nero (немесе оған ұқсас бағдарламалар) – бос CD немесе DVD дисктерге аудио, бейне жазбаларды жазуға арналады.

Сонымен бірге, компьютеріңізге қажетті қосымша бағдарламалар да жетерлік. Мысалы:

Қала картасы, телефон анықтамасы.

ICQSkype - Интернетте тікелей көпір арқылы сөйлесуге арналған.

Ал егер сіз Интернет саяхатшысы болсаңыз, онда сізге қосымша браузерлер қызметі керек. Әрине, сіздің компьютеріңізде бұрыннан бері Internet Explorer атты браузер бар. Бірақ ол көпшілікке өзінің жайбарақат жұмысымен және сайттарды дұрыс ашпауымен ұнамайды. Сондықтан сізге Интернет үшін Opera немесе Mozilla Firefox бағдарламалары әбден болады. Кейінгі кезде Google Chrome да үлкен сұранысқа ие болып жүр.  

Егер жұмысыңызда шет тілімен жиі ұшырасатын болсаңыз, онда сізге аудармашы керек:

Сократ - Интернеттегі сайттарды аударумен айналысады. 

Promt - ең мықты аудармашылар қатарында. Ішінде барлық тілдің тізімі бар. 

Осы аталған бағдарламалардың қызметі сіздің де жұмысыңызға аса қажетті екені даусыз. Сондықтан оларды жүктеп, тезірек жұмыс жасау принциптерін меңгеріп алсаңыз, жұмыс жасауда сізге үлкен көмекші болатыны анық.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: chasyogi.ru

Б. Қосмағамбет