Windows ОЖ арналған Skype бағдарламасы соңғы нұсқасының қазақша тілдік файлы

Windows ОЖ арналған Skype бағдарламасы соңғы нұсқасының қазақша тілдік файлы

Данияр Сәкенов Skype бағдарламасын қазақ тіліне аударып, оны Интернет қолданушыларына ұсынып отыр! Өз еңбегін Massaget.kz сайтының "Техно" бөліміне жолдап отырған Даниярға ҚазНет қолданушылары атынан шексіз алғысымызды білдіреміз!

Кейде, өзге өмірден түңіліп алыстағы жақыныңнан кеңес сұрағың келгенде, немесе қуаныштан жүрегің жарылардай болып «жартысын» бөліскің келген кезде, таяқ тастам жерге баруға ерініп немесе ит өлген жердегі досыңа баруға мүмкіндік болмай хабар алысқың келсе, жай ғана чатта, электронды поштамен хат жазысып қоймай нұрлы жүзін көріп, жұбаныш болар даусын естігіңіз келсе, немесе сіз басшылық қызметте болсаңыз, қарамағыңдағыларды бақылап немесе «көзбе-көз» кеңескіңіз келетін болса, Skype таптырмас құрал. Жалпы Skype деген ол не?

 Skype  - бұл тегін таратылатын бағдарлама, оның көмегімен сіз достарыңызға қай жерде болмасын қоңырау шала аласыз, тек олар да Skype пайдаланушылары болса болғаны. Құрастырушы компания Skype Limited болып табылады. Бағдарламада сондай-ақ конференц-қоңыраулар (25 абоненттердің арасында, жетекшіні қоса алғанда), бейнеқоңыраулар (10 абоненттің арасында) жасауға, жылдам хабар алмасу (чат) және файл жіберу, экран мониторының бейнесін көрсету, қоңырауды адресаттау бұдан да басқа көптеген мүмкіндіктері жетерлік.

 Сонымен қатар Skype компьютерлердің арасында Интернет арқылы шифрленген дыбыс байланысын қамтамасыз  (VoIP) ететін тегін жабық кодты патенттелген бағдарламалық қамсыздандырумен тиімді тарифтермен ұялы және стационарлық телефондарға арналған ақылы қызметтерін көрсетеді.

Өткен жылдың қазан айынан бастап Skype арқылы Facebook-тағы достарыңызбен хат алмасып, қоңырау соғу мүмкіндігі қосылды. Және әрбір жаңа нұсқасы шыққан сайын жетілдіріліп отырады.

Skype-тың келесідей оперциялық жүйелерге арналған нұсқасы бар: Windows, Mac OS X, Linux, iOS, Windows Mobile, Google Android, PSP, Symbian. Біз қарастыратынымыз әдетте қолданатын дербес компьютерлік Windows ОЖ арналған нұсқасы.

 Skype-тың өзге туыстары ICQ, QIP немесе Jabber-ден ерекшелігі сіз бірнеше адаммен қатар чатта және дауысты байланыс орнатып сөйлесе аласыз. Және бейнебайланыс сапасы үздік деп айтуға болады.

 

Skype – ты өзге бағдарламалармен салыстыру



Skype қаржы жағдайы 

Жүйелік талаптары:

    ДК (дербес компьютер) Windows® XP, Vista немесе Windows 7 операциялық жүйесінде болуы керек (32-биттік және 64-биттік ОЖ қолдау бар).

    Интернетпен қосылыс (кең жолақты болғаны жақсы, GPRS дауыс байланысына жарамайды).

    Ішкі немесе сыртқы динамиктер мен микрофон.

    Дауыс байланысына 100 Кбит/с шығыс және кіріс мүмкіндігі бар интернет қосылысы қажет.

    Топтық бейнебайланыстар үшін қоңыраудың барлық қатысушыларына Skype 5.0.  немесе одан жоғары Windows немесе Macintosh ОЖ арналған нұсқасы, және де веб-камера қажет. Сондай-ақ тым құрығанда бір қатысушының топтық бейнебайланысқа жазылымы болуы керек. Бейне ең жоғары сапасына Интернетке кең жолақты қосылыс кезінде (4 Мбит/с кіріс - 512 Кбит/с шығыс)  және  Core 2 Duo 1,8 ГГц-тан кем емес процессорлы компьютермен қол жетімді. Минималды техникалық талаптары: кең жолақты қосылыс (512 Кбит/с кіріс - 128 Кбит/с шығыс) және 1 ГГц-ты процессор.

Техникалық мәліметтері

Файл көлемі 24 MB. Ресми шығарылым. Шыққан күні: 13 қазан 2011. Файл атауы: SkypeSetup.exe  Соңғы тұрақты нұсқасы: 5.5.59.124. Жүктеу сілтемесі:

http://www.skype.com/intl/ru/get-skype/on-your-computer/windows/

Skype бағдарламасын орнату нұсқаулығы               

Сілтеме арқылы өтіп, Skype-тың бас бетінен «Загрузить Skype» немесе «Download Skype» түймесін басып жүктеуге жібереміз:

Skype-тың орнату файлын жүктейтін орынды таңдаймыз:

Оның көлемі 957 килобайт тұрады. Көрсетілген орыннан «S» белгішесі бар қосымшаға екі рет тышқанмен шертеміз, алдымызға келесідей терезе шығады да «Жегу» түймесін басамыз:

Skype бағдарламасы жүктеліп біткен соң, арнайы диалог терезесінен қажет тілді таңдап алып «Я согласен (-на) - далее» түймесін шерту қажет.

 

 

Немесе «Настройки» арқылы керегіңізше баптап жалғастыруыңызға әбден болады. 

Skype-ты сіздің компьютеріңізге жүктеу процессі басталады. Сіз процесстің барысы мен бағдарлама жайлы мини-презентацияны көретін боласыз. Орнатудың аяқталғанын күтіңіз.

 Жүктеліп болған соң, бізге жүйеге кіруді ұсынады. Егер сіз тіркелген болсаңыз логин мен құпиясөзіңізді пайдаланып кіруіңізге болады.

 

Немесе  «Зарегистрировать нового пользователя» арқылы Skype-тың бас бетінде тіркелуіңізге болады.

Skype-ты қазақшалау

Skype-тың ресми нұсқасында әзірге қазақша нұсқасы жоқ. Сондықтан өзім аударып шыққан қазақша нұсқасының Skype тілдік файлын жүктеп аламыз. Бұл файл әмбебап, яғни Skype-тың осы кезге дейін шыққан нұсқаларына келе береді. 95 пайызға дейін қазақша болмақ.

Жүктеу сілтемесі  http://files.gw.kz/m5k7psf5n0.html

Егер ағылшынша болса Tools-Change Language-Load Language File - тілдік файлды таңдайсың

Егер орысша болса Интструменты-Изменить язык-Загрузить языковой файл-тілдік файлды таңдаймыз


Тарқатып айтсақ:

Жүктеп алған файлды қалаған орнымызға сақтаймыз да, мәзір жолағынан «Құралдар –Тілді өзгерту» тармағын таңдаймыз.

       

 

Одан кейін қалқымалы терезеден тілдік файлды жүктеп алуды таңдаймыз.

 

Файлды таңдап алып ашуды басамыз.

Вуаля сіздің Skype-ыңыз енді қазақша сөйлейтін болады.

Игіліктеріңізге қолданыңыздар!

Егер аудармада қателіктер болса, не ұсыныс айтам десеңіздер, хаттарыңызды асыға күтемін. Skype-тегі логинім: daniyar.sakenov

Материалды рұқсатсыз көшіруге тыйым салынады. 

Авторы:  Данияр Сәкенов