Хостинг және домен деген не?

Хостинг және домен деген не?
Фото: Experts 911

Хостинг – ол сіздің сайтыңыз тұратын жер. Хостинг – ол үй. 

Әр түрлі хостингтер бар. Тегін немесе ақылы. Тегін хостингтердің көбісінің бір жаман жері сіздің сайтынызға өз жарнамаларын қояды. Бұл жағымсыз фактор, біріншіден сізге (сол орынға сіз жарнаманы қойып ақша табуға болатың еді), екіншіден кірген адам да тегін ашылған сайт екенің бірден біліп, ақпараттардың көбісің шынайы қабылдамайды.

Домен деген не?

Жоғарыдағы мысал бойынша сөлейтің болсақ, хостинг – үй, ал домен – мекен-жайы. Домендер де әртүрлі болады. Оларды жалпы алғанда бірнеше дәрежеге бөліп қарастырады: 1-дәрежелі домен, 2-дәрежелі домен, 3-дәрежелі домен және т.с.с.

Бірінші дәрежелі доменді сіз ешқандай жерден ала алмайсыз немесе олар мемлекетке, белгілі бір салаға тиесілі.

Екінші дәрежелі доменді сіз сатып аласыз және жыл сайын ақы төлеп отырасыз. Мысалы: adres.com немесе adres.kz.

Үшінші дәрежелі домендердің біршамасы тегін болып келеді және біршамасы ақылы.
Тегін үшінші дәрежелі доменді сіз тегін сайт ашқанда ала аласыз, мысалы adres.ucoz.net және өз доменіңізге (2 дәрежелі домен бар болса) аша аласыз, мысалы adres.adres.kz.

Ақылы болып келетін үшінші дәрежелі домендер атақты домендер секілді болып келеді. Мысалы: adres.co.uk немесе adres.com.kz.

Жоғарыда келтірілген мысалдардың бәріндегі adres сөзі сіз қалаған кез келген сөз екенін білдіреді.

Тағы бір айта кететін жағдай. Домен тандағанда өз тақырыбыңызға сай етіп дайындаңыз. Мысалы сіздің тақырыбыңыз Қазақстан болса, сіздің доменіңіз azil-kulki-maladec.kz болып тұрса жараспай қалады. Жараспауы былай тұрсың, егер домен және тақырып бір-біріне сай болып тұрған жағдайда іздеуші системаларда көтерілуіңіз оңай болады. Және ұзын домен алудың қажеті жоқ. Мысалы men-rymzhanovtin-nemeresi-bekzhanmin.kz деген адрес болса кірген адамның есінде де қалмайды. Ал bekzhan.kz болса әңгіме басқа...

asikpay.blogspot.com

@. @assel_assanova