Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Ұялы телефоннан кітап оқу

Ұялы телефоннан кітап оқу

Ұялы телефоннан кітап оқу

Ұялы телефонның пайда болуы өмірімізге көп өзгеріс әкелді. Адамзат сол үшін де Мартин Куперге қарыздар. Том-том кітаптарды арқаламай-ақ, сол кітаптарды алақанға сыйып кететін шағын ғана ұялы телефонға жүктеп алып оқуға болатын бағдарламалар да жасалды. 

Ұялы телефонға кітап жүктеу үшін ұялы телефоныңыз:

- java-ны қолдауы керек (java дегеніміз бағдарламалармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тілі), 

 -кітап оқитын бағдарламасы болуы қажет. 

Көптеген ұялы телефондар TXT, PDF сияқты т.б. мәтіндік форматтарды қолдайды. Ал егер аппаратыңыз мәтіндік файлдарды оқи алмаса, оған кітап оқитын арнайы бағдарламаны жүктей аласыз. Дәл сіздің ұялы телефоныңыздың моделіне арналған бағдарламалар бар. 


Мысалы Foliant көптеген заманауи ұялы телефон үлгілеріне сай келеді. Оның көмегімен интернеттен керек кітаптарды іздеп, тауып алуға болады. Бағдарламаны жүктеп, телефоныңызға сақтап алыңыз. Жадыға кітапты көшіріп алып, файлды ашыңыз. Әлдебір себептермен кітап оқуға арналған бағдарлама телефоныңызда ашылмай тұрса, BookReader бағдарламасын компьютеріңізге жүктеп алыңыз. Оны іске қосыңыз. Қалауыңыз бойынша кітаптың шрифтін, әріп көлемін, тілді, абзацтардың орналасуын т.б. таңдаңыз. Сосын JAR-файл құрыңыз. Алынған файлды телефонға көшіріп, кәдімгі JAVA қосымшасы секілді ашыңыз. 

Егер әр ашқан сайын JAVA-кітап құрудан шаршасаңыз, арнайы сіздің ұялы телефоныңыздың моделіне арналған бағдарламаны жүктеп алыңыз. Ол үшін сізге ReadManiac бағдарламасы көмекке келеді. Бұны да  BookReader бағдарламасы секілді компьютеріңізге жүктеп, орнатып, кейін ұялы телефоныңызға көшіріп алыңыз. 

Смартфондар үшін Qreader бағдарламасын қолданыңыз. Ол *.txt, *.tcr, *.bk форматтарындағы құжаттарды ашуға мүмкіндік береді. Тоғыздан аса тілді қолдайтын қосымша Bluetooth не Email арқылы ақпарат алмаса алады. Үлкен файлдар көбіне қысқа уақытта ашылады. 

Өзіңізге қажетті кітапты табу үшін телефоныңыз интернетке қосулы болуы керек. Ұялы телефоныңыздан іздеу жүйесіне кіріп, оған "телефонға java кітаптарды тегін жүктеу" ("скачать на телефон java книги бесплатно") деп жазыңыз. Электронды кітаптардың тізімі шығуы керек. Өзіңіз қалаған кітапты аты мен авторы не жанры арқылы оңай табасыз. Керек файлды тапқан соң, "жүктеу" батырмасын басыңыз. Электронды кітапты компьютерден жүктеген жағдайда USB кабелі қолданылады. 

Бұдан өзге де кітап оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалар жетерлік. Бағдарламалардың қайсысын таңдаймын деп ойланбас үшін ең тиімділерін назарларыңызға ұсындық.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: imhoblog.ru, science.compulenta.ru

12102 0
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 16 тамыз 2012, 13:28
Пікірлер
+0
16 тамыз 2012, 13:54

Сонда да қағазды қимаймын :(

+0
16 тамыз 2012, 14:58

мен де кітапты бұрыннан бері телефоннан оқып жүрмін. Өте жақсы. Кітап орынды алады және сөмкеде ауыр болып тұрады. Ал телефонда жеп жеңіл. java-bookz.ru сайтынан кітаптарды жүктеймін. :geek:

+0
18 тамыз 2012, 15:33

менде ұялы телефоннан көп кітаптар оким. Шетелдік жазушылардың кітаптарын ұялы телефоннан оқим,ал қазақ жазуларының кітаптарын қағаз жүзінде оқим тек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...