Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ұялы телефоннан кітап оқу

Ұялы телефоннан кітап оқу

Ұялы телефоннан кітап оқу

Ұялы телефонның пайда болуы өмірімізге көп өзгеріс әкелді. Адамзат сол үшін де Мартин Куперге қарыздар. Том-том кітаптарды арқаламай-ақ, сол кітаптарды алақанға сыйып кететін шағын ғана ұялы телефонға жүктеп алып оқуға болатын бағдарламалар да жасалды. 

Ұялы телефонға кітап жүктеу үшін ұялы телефоныңыз:

- java-ны қолдауы керек (java дегеніміз бағдарламалармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тілі), 

 -кітап оқитын бағдарламасы болуы қажет. 

Көптеген ұялы телефондар TXT, PDF сияқты т.б. мәтіндік форматтарды қолдайды. Ал егер аппаратыңыз мәтіндік файлдарды оқи алмаса, оған кітап оқитын арнайы бағдарламаны жүктей аласыз. Дәл сіздің ұялы телефоныңыздың моделіне арналған бағдарламалар бар. 


Мысалы Foliant көптеген заманауи ұялы телефон үлгілеріне сай келеді. Оның көмегімен интернеттен керек кітаптарды іздеп, тауып алуға болады. Бағдарламаны жүктеп, телефоныңызға сақтап алыңыз. Жадыға кітапты көшіріп алып, файлды ашыңыз. Әлдебір себептермен кітап оқуға арналған бағдарлама телефоныңызда ашылмай тұрса, BookReader бағдарламасын компьютеріңізге жүктеп алыңыз. Оны іске қосыңыз. Қалауыңыз бойынша кітаптың шрифтін, әріп көлемін, тілді, абзацтардың орналасуын т.б. таңдаңыз. Сосын JAR-файл құрыңыз. Алынған файлды телефонға көшіріп, кәдімгі JAVA қосымшасы секілді ашыңыз. 

Егер әр ашқан сайын JAVA-кітап құрудан шаршасаңыз, арнайы сіздің ұялы телефоныңыздың моделіне арналған бағдарламаны жүктеп алыңыз. Ол үшін сізге ReadManiac бағдарламасы көмекке келеді. Бұны да  BookReader бағдарламасы секілді компьютеріңізге жүктеп, орнатып, кейін ұялы телефоныңызға көшіріп алыңыз. 

Смартфондар үшін Qreader бағдарламасын қолданыңыз. Ол *.txt, *.tcr, *.bk форматтарындағы құжаттарды ашуға мүмкіндік береді. Тоғыздан аса тілді қолдайтын қосымша Bluetooth не Email арқылы ақпарат алмаса алады. Үлкен файлдар көбіне қысқа уақытта ашылады. 

Өзіңізге қажетті кітапты табу үшін телефоныңыз интернетке қосулы болуы керек. Ұялы телефоныңыздан іздеу жүйесіне кіріп, оған "телефонға java кітаптарды тегін жүктеу" ("скачать на телефон java книги бесплатно") деп жазыңыз. Электронды кітаптардың тізімі шығуы керек. Өзіңіз қалаған кітапты аты мен авторы не жанры арқылы оңай табасыз. Керек файлды тапқан соң, "жүктеу" батырмасын басыңыз. Электронды кітапты компьютерден жүктеген жағдайда USB кабелі қолданылады. 

Бұдан өзге де кітап оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалар жетерлік. Бағдарламалардың қайсысын таңдаймын деп ойланбас үшін ең тиімділерін назарларыңызға ұсындық.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: imhoblog.ru, science.compulenta.ru

Қосылған күні: 16 тамыз 2012, 13:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.