Айфон, айпод, айпад құрылғыларының бір-бірінен айырмашылығы

Айфон, айпод, айпад құрылғыларының бір-бірінен айырмашылығы

Бүгін біз сіздермен бірге қолданыстағы техникалық құралдардың бір-бірінен айырмашылығы туралы қарапайым тілмен кең отырып әңгіме өрбітсек дейміз. Бәсеке жалауын желбіреткен қазіргі заманда Айпад, айфон, айпод құрылғылары ешкімге дес бермей, оқ бойы алда тұр. Халық бағаларына қарамастан, осы құралдарды пайдалануды сәнге айналдырды. 

i-дан басталатын өнімдердің бәрі Apple компаниясының өнімдері болып табылады.

iPhone (Айфон) - атақты Apple компаниясының өнімі. Хабар алмасып, смс-хаттар жазып қана қоймай, музыка тыңдап, Интернеттен бейнебаян көруге мүмкіндік беретін смартфон (ағ. "smart" - ақылды). Осы тұста смартфон туралы бір-екі ауыз. Смартфон - хабарласуға болатын ұялы телефон. Оның қарапайым ұялы телефондардан айырмашылығы - бірден бірнеше бағдарламалармен жұмыс істей алуында. 

 

 

iPod (Айпод) – мультимедиялық аудиоплеерлер. Бұның жұмысы - аудиофайлдарды іске қосу. Кейбір үлгілері сурет пен бейнебаян көруге мүмкіндік береді.

iPad (Айпад) - Интернет планшеті. Планшет деген не? Планшет дегенді түсінікті тілмен түсіндірсек, ол сенсорлы экранмен жұмыс істейтін құрылғы. Құрылғыдағы барлық іс-әрекет саусақпен не арнайы қаламымен басу арқылы жүзеге асады. Планшеттің тарихы Apple компаниясы 2010 жылы Айпад атты ең алғашқы планшетті таныстырған кезден бастау алды. Планшет - компьютер тарихындағы елеулі жетістік. Планшеттің не екені түсінікті болса, айпад туралы бір-екі ауыз айтып кетейік. Айпад - смартфон мен ноутбуктің қызметін атқара алатын құрылғы. 


iPhone мен iPad бір-біріне өте ұқсаса да, айфон ең алдымен телефон да, айпад - компьютер. Сыртқы түріндегі бірден-бір айырмашылық - көлемдерінің әртүрлілігінде.

Apple компаниясынан алда да үздік үлгілер күтеміз. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: rapside.ucoz.kz, macpages.ru, iphone4.name, kursiv.kz

М. Оңғарова