Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / QR код. Кезекке тұрмай-ақ керегіңізді сатып алыңыз

QR код. Кезекке тұрмай-ақ керегіңізді сатып алыңыз

QR код. Кезекке тұрмай-ақ керегіңізді сатып алыңыз

Естеріңізде болса, біз сіздерді Вarcode ұғымымен таныстырған едік. Barcode дегеніміз кез келген тауардың сипаттамасы жазылған арнайы сканердің көмегімен ғана оқуға болатын мағлұмат-мәтін. Бұл сызық-сызықпен бөлінген жолақтарды арнайы құрылғы оқи алады. Бірақ ақпараттың күннен-күнге ұлғаятынын ескерген мамандар QR кодтарын қолданысқа енгізді. Осы QR кодтарын қалай пайдалануға болады? Жауап берейік.

Қала тұрғындары көшедегі жарнама баннерлерінен мынадай суреттерді көрген болар. 

Ол QR код болып табылады. Қазір қолданысқа осы кодтарды енгізу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Смартфоныңызбен осы суретті сканерлеу арқылы жарнамаға, түрлі ақпаратқа қол жеткізіп, өзіңізге қажетті мағлұматты ала аласыз. Біздің елде бұл жүйенің енгізілуі енді ғана қолға алынып жатқан болса, Корея мен Жапонияда қолданылып жүр.

Оңтүстік Корея азаматтары QR-кодтарды қолдану арқылы азық-түлік пен түрлі тауарларды енді метрополитеннің ішінен де сатып ала алады. Бұл идея HomePlus дүкендер желісінде жұмыс істейтін маркетологтардың басына келді. Нарықтағы жағдайды сараптап, зерттеген сарапшылар, Оңтүстік Корея азаматтарының жұмыс істеуге уақытты көп жұмсайтынын айта келіп, олардың дүкенге баруына мүмкіндіктері жоқ деген қорытынды жасаған. 

Әйтсе де, аптасына бір рет дүкенге бару керек. Онсыз болмайды. Ал халықтың ең көп жиналатын жері қайда? Дұрыс! Қоғамдық көліктердің аялдамаларында. Метро станцияларының ішіне Tesco жұмысшылары жарнамалық баннерлер орнатып қойған.

Сатып алушы өз телефонынан бағдарламаны іске қосып, виртуальды дүкеннен керекті тауардың QR-кодын сканерлеп алады. Содан кейін, таңдалған тауар автоматты түрде тұтынушының онлайн-жәшігіне түседі. Тауар телефонның ішіне енгізілген қаражат арқылы, не болмаса онлайн-төлемдер арқылы жүзеге асып отырады. Ешқандай кезексіз, оңай шаруа. Тек смартфон қалтаңызда болса болғаны. Осылайша, адамдар өз уақыттарын үнемдеп, ойлаған шаруаларын бітіре алады.


Суреттер:the-best-of-thebest.diary.ru, artimagine.com

2244 9
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 18 сәуір 2012, 19:09
Пікірлер
+0
18 сәуір 2012, 20:15

адамдар бара-бара қозғалудан қалады дедім ғой :roll:

+0
18 сәуір 2012, 20:21

Мәә, кәрістердің шығармайтыны жоқ...

+0
18 сәуір 2012, 20:31

енді бір 10 жылда былшиыыыыыып экранға телміріп отырад шығар, онлайн кітап, онлайн дүкен, онлайн ойын, онлайн кино..... :)

+0
18 сәуір 2012, 23:23

онлайн сабақ, онлайн жұмыс, онлайн өмір :lol:

+0
19 сәуір 2012, 09:32

bester-ltd.ru - сөзі жазылып тұр жоғарыдағы кодта, егер сізде смартфон болмаса http://www.i-nigma.com сайтынан i-nigma JAVA-ға арналған тегін бағдарламасын қолдана аласыздар, мен сияқты :)

+0
19 сәуір 2012, 10:41

қалай сонда? :roll:

+0
19 сәуір 2012, 11:48

Қалтофнгоыңа орнатқан соң жаңағы сілтемемемен QR кодты қосымша арқылы камераға түсірсең, визитка, адрес, сынды мәліметтер шығады

+0
20 сәуір 2012, 23:16

техниканың, адамның ойының дамығанын ай :D :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...