Компьютерлік кеңестер

Компьютерлік кеңестер

Компьютердің тілін білу қазіргі заман талабымен белгіленген әлеуметтік норма. Қазіргі кезде компьютердің тілін жетік білген пайдаланушы өзіне керекті жұмысты ыңғайлы жоспарлап, алдына қойған мақсаттарға қол жеткізе алады. Бірақ, есептеуіш машиналардың қыр-сырлары жетіп жатыр ғой. Солардың кейбірін сіздермен таныстырмақпыз.

1 кеңес 


Бұндай жағдай бәріміздің де басымыздан өтті. Дүниежүзіндегі ең танымал ойын-сауық бейне порталы ретінде "Youtube" сайтын атауға болады. Арамызда "Youtube"-қа кіріп, бірде-бір бейнені көрмеген адам қалмаған шығар. Ал кейбіреулеріміз бұл сайтқа күн сайын кіреміз. Бір сөзбен айтқанда, "Youtube" интернет қолданушылар өмірінде маңызды рөл атқарып отыр.

Youtube видео-сервистегі белгілі бір бейнебаянды көріп қалдыңыз да, ол сізге қатты ұнап қалды делік. Енді ұнататын зат әрдайым жаныңда болу керек қой. Солай емес пе? Әсіресе бұл соңғы уақытта шыққан сіздің сүйікті сериалдарыңыздың кезекті бөлімі болса. Сонымен сайттағы бейнені қалай жүктеуге болады? Жауап берейік.

Мысалы сіз мына бейнебаянды өзіңіздің компьютеріңізге жүктеп алғыңыз келді делік: http://www.youtube.com/watch?v=__WkDhDZKCo&feature. Бұл бейнені қатқыл дискке сақтау үшін әр ролик мекен-жайының алдына SS әріптерін қойыңыз. Сонда браузерге былай жазылуы керек http://www.ssyoutube.com/watch?v=__WkDhDZKCo&feature. Бұл сілтеме арқылы өтіп, ұнататын бейнеңізді жүктей аласыз. 

2 кеңес 

BIOS-тың кілт сөзін ұмытып қалдыңыз ба? Адам баласы болғаннан кейін ондай жағдайлар болып тұрады. Бұл жағдайда не істеуге болады? Компьютеріңізді құшақтап алып, жөндеу орталығына баруға асықпаңыз. Бұны жөндеу баланың да қолынан келетін 2 минуттық іс.
Сонымен:
 
  • Жүйелік блокты ашамыз
  • Аналық тақтадағы дөңгелек батареяны тауып аламыз
  • Оны суырып алып, 1 минут уақыт күтеміз
  • Орнына қайта орнатамыз
  • Компьютерді қосамыз.

Егер батарея жоқ болып, сіз аккумуляторды тауып алсаңыз:

  • Оның жанында CMOS жадын кері жүктеу джамперлері орналасқан
  • 2 джамерді орындарымен ауыстырамыз
  • Компьютерді қосып, 15 секунд күтеміз
  • Компьютерді сөндіріп, джамперлерді қайтадан орнына қоямыз
  • Компьютерді іске қосамыз.

Болды! Оп-оңай, солай емес пе?

 Суреттер: nolamers.net, oplata.biz. detsad-kitty.ru