Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Техно. Принтер+сканер= көшірме машина

Техно. Принтер+сканер= көшірме машина

Техно. Принтер+сканер= көшірме машина

Сәлем, сәлем, құрметті массагеттіктер. Бүгінгі әңгімеміз сіздерге көмегін тигізер деген сенімдеміз. Үйде немесе кеңседе белгілі бір құжаттардың көшірмесін тез арада жасау керек болып жатыр делік. Бірақ, осындайда қол астымызда көшірме машинасы жоқ болады әлбетте. Жолдың арғы жағында орналасқан көшірме орталығына баруға не мұршаң, не уақытың жоқ. Ал мына жақтан сізді біреу асықтырып жатыр. "Бол, бол, көшірмесін жаса. Көшірмесі керек" деп. Есімізге принтер мен сканердің бөлмемізде шаң-шаң болып жатқанына жарты жыл болғаны түседі. Барлық жақсы ойлар тығырыққа тақалғанда келеді ғой. Компьютер мен техникадан сәл болса да хабары бар адам осы екі құрылғыдан көшірме машинасын жасауға болатынын сезіп отырған болар. Иә, бұл техникалық құрылғыларды өзара бір-бірімен байланыстырып, үйде немесе кеңседе толыққанды көшірме машинасын жасауға болады екен. Міне, шешім де табылған сияқты.

Бұл істі жүзеге асыру үшін бізге ғаламторда тегін таратылатын iCopy бағдарламасының дистрибутиві, сәйкесінше жұмыс істейтін сканер мен  принтер қажет болады. Сонымен, басты жұмыс - бағдарламаны орнату. Ал бастайық.

1 қадам

Ғаламтордан  iCopy бағдарламасының дистрибутивін компьтерімізге жүктеп аламыз. Айтпақшы, бұл бағдарлама тегін таратылатындықтан, артық сұрақтар туындамайды. Ашылған терезеден "Next" пернесін шертеміз.

2 қадам

Қолданушы лицензиясының шарттарымен танысып, "Next" пернесін шертеміз.

3 қадам

Бағдарламаның орнатылатын папкасына бағыт көрсетуіміз қажет. Таңдап болғаннан кейін, "Next" пернесін басамыз. Суреттен көріп тұрғаныңыздай, бағдарлама қатқыл дисктің 1,4 Мбайт көлемін талап етеді. Бір әннің көлеміне жетер-жетпес.

4 қадам

Файлдар компьтерге көшіріледі.

5 қадам

"Finish" пернесін шерту арқылы бағдарламаның компьютерге орнатылуын тәмәмдаймыз.

6 қадам

Сканер мен принтер бұғаттауларынан компьютерге жалғанған құрылғыларды таңдап алып, жұмысты бастай беруіңізге болады. Бағдарламаның сол жағында орналасқан көк түймені басу арқылы құжаттарыңыздың көшірмесін жасай аласыз. 

Сурет:prodam.smo.slando.ru

6965 18
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 03 сәуір 2012, 11:40
Пікірлер
+0
03 сәуір 2012, 11:55

Кеше Абзал ағамыз кісерікс сұрап еді, міне кісерікс :D

+0
03 сәуір 2012, 12:37

тілектер орындалады)))))) Мәссаған Массагет!
Енді, енді не.... не болса екен........ Не ше?... Анау... не еді эй...
Ештеңе қалмаған ба сұрайтын)

+0
03 сәуір 2012, 12:41

:lol: :lol: :lol:

+0
03 сәуір 2012, 12:43

таптым! Келесі сұрарым: Анау не жайлы жазылса екен, Юрий Гагариннің космысқа ұшу тарихы жайлы! Жақын күндерде күтем Массагет! ;)

+0
03 сәуір 2012, 13:07

қалай күшті, бізге де сұрауға болады ма? ;)

+0
03 сәуір 2012, 14:54

Сұраңыз Массагет жауап береді)) Бірақ менің сұрағанымды тошны жазады)

+0
03 сәуір 2012, 16:52

так, так не сұрасақ екен :?: Абзал, Сіз мені сегізінші наурызбен құттықтаймын деп едіңіз ғой, алдап кеттіңіз бе? есіме енді түсті :o

+0
03 сәуір 2012, 16:57

:oops: өлөөөөөу естен шығы.... Шықпады! Жоқ, шықпады! Сіз хабарламамды алмадыңыз ба не?

+0
03 сәуір 2012, 16:59

алмадым :?: :?: :?: :!: :!: :!: :mrgreen:

+0
03 сәуір 2012, 17:04

мен құттықтайыншы! 8 наурыз мейрамыңызбен өтіп кеткен :D

+0
03 сәуір 2012, 17:07

рақмет, Қайреке :)

+0
03 сәуір 2012, 17:04

жүрегіңіздің кіріс хабарламалар бөлімін ақтарып көріңіз, сол күні АСПАНға қарап тұрып: ыстық ықылас, шын пейіліммен бүкіл нәзік жандыларға жүрегімнің тілімен дұға еткен болатынмын! Қарап көріңіз!!!

+0
03 сәуір 2012, 17:08

міндетті түрде қараймын Абзал, ұлкен рақмет))))))

+0
03 сәуір 2012, 18:28

Ештен гөрі - кеш жақсы,
Паровойдан - Пеш жақсы! :!: (пролог)
--------------------------------------------
Төл мерекең, біз үшін - Мейрамыңмен!!!
Құттықтаймын Сәния Қуанқызы!
"Неге мені алдап кеттің, Абызал?",-деп
Тықтың-ау жанды жерге жуалдызды))
Айыбымды осымен жуайыншы,
Мөлитіп ап алдыңда құлан жүзді...
--------------------------------------------------------
Көктем келсе - жаңарған даладай боп,
Тәтті қиял сан қырға қуар бізді!
Сендерді көрсем ылғи көктемгүні,
Жүрегімде бір ӨЛЕҢ туарды ізгі!
---------------------------------------------------
Сендерді көрсем ылғи көктемгүні,
Жүрегімде бір ӨЛЕҢ туарды ізгі!

+0
03 сәуір 2012, 18:47

ммммммм, рақмет, Абзал! үлкен алғыс!

+0
04 сәуір 2012, 03:07

Юрий ден горi казак гарышкерi Токтар мен Талгат жайлы жазган жаксы болар еди.

+0
04 сәуір 2012, 10:00

ол кісіні де сұрауға болады, Тоқтар ағаны 27шілдеге қарсы сұраймын!

+0
04 сәуір 2012, 03:04

Мен оны бурыннан билем сканер аркылы турли тусти сапалы коширме дайындауга болады Калауын тапсан кар жанады. ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...