GoldWave: аудио редакторлық бағдарлама

GoldWave: аудио редакторлық бағдарлама

Қазіргі кезде музыка сүйер қауым ғаламторда түрлі аудиоредакторлық бағдарламаларға тап болатындықтан, өздеріне қажеттісін таба алмай, уақыттарын босқа жүмсап, әлек болып жүреді. Біз сіздердің назарларыңызға "GoldWave" атты аудиоредакторлық бағдарламаны назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. GoldWave бағдарламасында аудио әсерлерді өңдеу, қосу мүмкіндіктері қарастырылған. Бағдарламаның көмегімен қолданушы жаңғырық, эквалайзерлерді өзгерте алады.

Бұған қоса, GoldWave көмегімен аудиодағы шуылдарды алып тастауға, сондай-ақ ескі жазбаларды өңдеп, реставрациялау процессінен өткізуге болады. Бағдарлама қазіргі барлық заманауи аудио форматтарды қолдайды. Олардың ішінде:.wav, *.mp3, *.ogg, *.aiff, *.au, *.vox тағы да басқалары бар.

Сондай-ақ, "GoldWave" сыртқы аудио көздерінен аудионы жазуға мүмкіндік береді. Мысалы қолданушы магнитті таспалардан, ескі күйтабақтар мен радиодан, микрофоннан аудио файлдарды жазуға мүмкіндік алады. Бағдарламаның CD Reader құралы аудио-дисктерден әндердің тура көшірмелерін жасауға мүмкіндік береді.

Егер сіз осындай функционалды бағдарламаны іздеген болсаңыз, "GoldWave" бағдарламасын компьютеріңізге жүктеп, байқап көріңіз.

Өндіруші: GoldWave Inc.
Таратылуы: shareware
Операционды жүйе: Windows All
Көлемі: 3,53 Мбайт
 Мына жақтан жүктеуге болады.